Menu HELPDESK

Түлектерге салтанатты түрде диплом табыстау рәсімі өтті

2024 жылдың 1 шілдесінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Е.Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында аталмыш өнер-білім ордасын бакалавриат және магистратура бойынша тәмамдаған түлектерге салтанатты түрде диплом табыстау рәсімі өтті.

диплом

Айтулы шараға білім ордасының оқытушылары, түлектердің ата-аналары мен туыстары қатысты. 

диплом

Салтанатты рәсімнің шымылдығын Құрманғазы атындағы ҚҰК ректорының міндетін уақытша атқарушы Әшіров Нұркен Нұрғалиұлы құттықтау сөзбен ашып, өнер мен білімнің алтын қазығы саналатын консерватория түлектеріне сәт сапар тіледі. 

диплом

Құшақтары гүлге толған түлектерге кәсіби музыка маманы атандырған арнаулы құжаттарын өнер саласына еңбегі сіңген майталман ұстаздар мен профессорлар табыс етті. 

диплом

Кәсіби музыка өнерінің қарашаңырағы саналатын консерваторияда жоғары білім алып, үлкен өмірге жолдама алған түлектерімізге ақ жол тілей отырып, келешекте қазақ елінің музыка саласына қосар үлестеріңіз мол болсын демекпіз!

Альбомдарға оралу