Menu HELPDESK

«ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» атты дәстүрлі және виртуалды кітап көрмесін ұйымдастырды

Құрметті оқырмандар!

Ғылыми-ақпараттық кітапхана қызметі 25 қазан - Республика күніне орай «ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» атты дәстүрлі және виртуалды кітап көрмесін ұйымдастырды.

Кітап көрмесінде мемлекет және құқық тарихы, Қазақстанның құқықтық және демократиялық мемлекет ретінде қалыптасуы туралы әдебиеттер, сондай-ақ еліміздің егемендік тарихындағы айтулы сәттерді баяндап, өткен тарихымыздың жарқын жақтарын көрсететін мемлекеттің құрылу кезеңдеріне сәйкес материалдар ұсынылған.

Көрмеге қойылған құжаттармен «Б» корпусы, 3 қабат кітапхана фойесінде танысуға болады. Сондай-ақ, виртуалды көрме 2023 жылдың 16 қазаны мен 31 қазаны аралығында мына сілтеме арқылы қолжетімді болады:   http://185.217.181.84:8087/JIrbis2/index.php?option=com_irbis&view=irbis&Itemid=385

Альбомдарға оралу