«Тебя так любят все» - Науат Темирханованың мерейтойына арналған концерт
3 наурыз 2025
3 наурыз күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Үлкен залында ғұмырын музыка мен шәкірт тәрбиелеуге арнаған ұлағатты ұстаз Науат Темірханованың 90 жылдық мерейтойына арналған камералық-вокалдық концерт өтті.
45 жыл бойы консерваторияда үздіксіз еңбек етіп, 400-ден астам шәкірт тәрбиелеп шығарған, «Камералық ән айту» кафедрасының жетекші профессоры атанған Науат Темірханова вокал өнерін дамытуға өлшеусіз үлес қосқан дара тұлға. Кеш барысында сахнада ән салған шәкірттерінің дауысы - ұстаздың кәсіби шеберлігінің айқын көрінісі деуге болады. Бірге білім қуған шақтың символына айналған туындыларды орындау арқылы ұстазына деген махаббаты мен ерекше құрметін жолдаған шәкірттері мерейтой иесінің көңілін бір марқайтып тастады.
Науат Мақсұтқызын құттықтауға көрнекті мәдениет және өнер қайраткерлері жиналды, оның ішінде Дүйсен Қасейінов, Әлібек Дінишев, Ермек Тұрсынов және басқа да көптеген тұлғалар бар. Консерватория ректоры Гаухар Тасбергенова мерейтой иесіне Құрметті профессор атағын табыс етіп, абыройын асқақтатты.
Кеш соңында Науат Мақсұтқызы жиналған қауымға ұмытылмас концерт үшін алғыс айтып, шәкірттеріне музыкадан сұлулық пен шабыт іздеуін тоқтатпауын тіледі.
Кеш өнер мен өз ісіне деген адалдықты насихаттаған нағыз мерекеге айналды. Науат Мақсұтқызының консерватория тарихының бөлшегі атанғаны үшін біз мақтанамыз!

Альбомдарға оралу

Қабылдау 2024