Menu HELPDESK

В. С. Попов атындағы хор өнері академиясының басшылығымен кездесу



2024 жылғы 23 мамырда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының бастамасымен В. С. Попов атындағы хор өнері академиясының басшылығымен онлайн-кездесу өтті, кездесу барысында екі ЖОО арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға алдын ала қол қойылды.

Кездесуге Консерватория атынан оқу және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Гүлнар Әбдірахман және халықаралық бөлім басшысы Дамир Уразымбетов, Академия атынан — ректордың м. а. Александр Соловьев және бірінші проректор — оқу және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Ольга Красногорова қатысты.

Кездесуде жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық мәселелері, шығармашылық білім беру саласындағы өзекті мәселелер, оқытушылардың біліктілігін арттыру және т. б. мәселелер талқыланды.



Альбомдарға оралу