Воронеж студенті Қазақ ұлттық консерваториясында оқитын болды

2025 жылғы 20 наурыз күні серіктес оқу орны – Воронеж мемлекеттік өнер институтының арнайы фортепиано кафедрасының үшінші курс студенті академиялық ұтқырлық аясында Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясында білім алу үшін Алматыға келді.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы алғаш рет Воронеж мемлекеттік өнер институтымен сыртқы кіріс академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыруда. Ксения Семилетованы халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық бөлімінің менеджері Владислав Зеленько әуежайда қарсы алып, жатақханаға орналастырды. Ол консерваторияда арнайы фортепиано кафедрасының меңгерушісі Ирина Гавриленконың сыныбында оқитын болды. Оқу мерзімі 2025 жылдың 20 наурызынан 25 мамырына дейін жалғасады.
Оқу бағдарламасы қазіргі музыка, камералық ансамбль тарихын, музыка мәдениеті саласындағы менеджмент және басқа да пәндерді қамтиды. Ксенияны осы маңызды қадамымен шын жүректен құттықтаймыз. Оған әрдайым шабыт, білім алуда жаңа белестерге жету жолында сәттілік тілейміз.
Консерватория Воронеждық серіктестеріне артылған сенім мен ынтымақтастық аясында бірлескен жобаларды жүзеге асыруда берілген мүмкіндіктер үшін алғысын білдіреді.