Menu HELPDESK

Воронеждік студент Қазақ консерваториясында оқуын аяқтады


2025 жылғы 23 мамыр күні 2024–2025 оқу жылының көктемгі семестрінде академиялық мобильдік бағдарламасы аясында Воронеж мемлекеттік өнер институтынан (Воронеж, Ресей) келген «Фортепиано» мамандығының 3-курс студенті Семилетова Ксения семестрді сәтті аяқтады.

Ксения Қазақ ұлттық Құрманғазы атындағы консерваториясында 2025 жылғы 20 наурыздан 23 мамырға дейін академиялық мобильдік бағдарламасы бойынша ынтымақтастық туралы меморандум негізінде тегін оқыды. Мобильдік бағдарлама Ксенияға кәсіби білімін тереңдетіп қана қоймай, еліміздің мәдениеті мен дәстүрлерімен танысуға, кәсіби көзқарасын кеңейтіп, жаңа достар табуға мүмкіндік берді. Ксения барлық емтихандарды сәтті тапсырып, жоғары орындаушылық шеберлігін көрсетті.

Қазақ ұлттық Құрманғазы атындағы консерватория Воронеж мемлекеттік өнер институтына серіктестік, академиялық мобильдік жобаны ұйымдастырудағы қолдау және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді. Біз Ксенияға білім алу, шығармашылық және кәсіби өсу жолында толағай табыс тілейміз!

 

Альбомдарға оралу