Menu HELPDESK

XVІ республикалық пәндік олимпиадасында «Музыка оқыту әдістемесі» және «Музыкалық ағартушылық» номинацияларының жеңімпаздары жарияланды


2024 жылғы 1-2 сәуірде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында өткен 6В01406 – Музыкалық білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындарының студенттері арасында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің XVІ республикалық пәндік олимпиадасында «Музыка оқыту әдістемесі» және «Музыкалық ағартушылық» номинацияларының жеңімпаздары жарияланды.

Аталған студенттік пәндік олимпиадасына Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Орталық Азия инновациялық университеті, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің студенттері қатысып, бақ сынады. Қазақстанның басқа өңірлеріндегі жоғары оқу орындарынан арнайы келген студенттер саны 28-ді құрады.

«Музыка оқыту әдістемесі» номинациясы бойынша I орынды Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенті Талипова Дильбаргүл Марупжанқызы (жетекшісі – профессор Л. Т. Калиакбарова), II орынды Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенті Ержанова Ақтоты Мейірбекқызы (жетекшісі – аға оқытушы Д. Р. Шабденова) және Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенті Мұханбетжан Назерке Амантайқызы (жетекшісі – аға оқытушы Суингарина т. м.), III орынды Орталық Азия Инновациялық университетінің студенті Тураббаева Жәмила Ирисвайқызы (жетекшісі – аға оқытушы М. А. Мырзабаева), М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенті Пармеш Жансерік Жанғозыұлы (жетекшісі – аға оқытушы М. К. Жантаева), Қ. А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ – Түрік университетінің студенті Өтегенова Арайлым Темірханқызы (жетекшісі – оқытушы Л. Ж. Телбаева) иеленді.

«Музыкалық ағартушылық» номинациясы бойынша I орынды Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенті Сәрсенәлі Айгүл Жанарқызы (жетекшісі – аға оқытушы Д. Р. Шабденова), II орынды М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенті Фаст Фрида Викторовна (жетекшісі – аға оқытушы Т. В. Жукова), М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенті Алпысбай Жанболат Жомартұлы (жетекшісі – аға оқытушы П. Ж. Абдикаримова), III орынды Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенттері Сұлтанбай Асылзат Серікқызы (жетекшісі – профессор Л. М. Нарикбаева), Орынбасар Айтолқын Ержанқызы (жетекшісі – доцент Л. Ш. Какимова), М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің студенті Зайыров Нұрдәулет Асылбекұлы (жетекшісі – оқытушы К. Е. Бисекова) иеленді.

Олимпиада барысында қатысушылар Қазақстан мектептерінде музыка сабағын өткізудің жаңа әдістерімен танысты.










Альбомдарға оралу