Menu HELPDESK

XVI Республикалық студенттік пәндік олимпиадасында «Арт-менеджмент» оқу бағдарламасы бойынша нәтижелері жария болды


2024 жылдың 3-4 сәуір күндері Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының қабырғасында өткізілетін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2024 жылғы XVI Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы «Арт-менеджмент» оқу бағдарламасы бойынша өтті. Олимпиадаға Қазақстанның әр өңіріндегі жоғары оқу орындарынан арнайы келген 19 студент тіркелді.

Аталған студенттік пәндік олимпадасына Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Қазақ ұлттық өнер универститеті, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы және Қазақ ұлттық хореография академиясы қатысты.

«Арт-менеджмент» оқу бағдарламасы бойынша өткен Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының төрағасы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, режиссер, ұстаз, киноактер - Абилмажинов Иісбек Рамазанұлы болды. Комиссия мүшелері: Қалиев Сағатбек Слямбекұлы - «Арт-менеджмент» кафедрасының меңгерушісі, өнертану кандидаты, Жүсіпова Әлия Мұқашқызы - экономика ғылымдарының кандидаты, «Арт-менеджмент» кафедрасының доценті, Сахаман Айдын Жомартұлы – PhD докторы, режиссер, «Арт-менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы, Кинашева Жадыра Болатқызы - экономика ғылымдарының кандидаты, «Арт-менеджмент» кафедрасының доценті.

XVI Республикалық студенттік пәндік олимпиадасында «Арт-менеджмент» оқу бағдарламасы бойынша Құрманғазы атындағы ҚҰК студенттері Кимран Раушан Жеңісқызы – І орын, Ракишева Ажар Серікқызы – ІІ орынды иеленсе, Қазақ ұлттық хореография академиясының студенті Аманғазы Ләззат Бекболатқызы ІІ орын иесі атанды. Құрманғазы атындағы ҚҰК студенттері Мерген Ақбаян Әміржанқызы, Жұмаш Жұлдыз Алмазқызы және Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Сартбаева Азиза Құсайынқызы ІІІ дәрежелі дипломдарға ие болды.





Альбомдарға оралу