Ғылым және жоғары білім - 2022 форумы өз жұмысын бастады
Нұр-Сұлтан қаласында 2022 жылғы тамыздың 24-25 күндері «Адами капитал – жаңа Қазақстан дамуының негізгі ресурсы» тақырыбында Ғылым және жоғары білім-2022 форумы өтіп жатыр. Республикалық форумға консерваториямыздың ректоры Жүдебаев Арман Әділханұлы және Оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор Әбдірахман Гүлнар Бақытқызы қатысуда.
Өзінің жұмысын бүгін, 24 тамыз күні бастаған жиында ҒЖБМ мен ҚР студенттері Альянсының өкілдері, ЖОО-лар жанындағы студенттік ұйымдардың жетекшілері және ЖОО басшылары бас қосты. ЖОО ректорлары, академиялық мәселелер және ғылым жөніндегі проректорлар басқосуға оффлайн форматта қатысса, онлайн форматта – академиялық қызметтердің өкілдері, факультет декандары, кафедра меңгерушілері, профессорлық-оқытушылар құрамы және білім алушылардың қатысуы қарастырылған.
Екі күндік форум барысында министр «Ғылымдағы жастар» жас ғалымдар кеңесінің өкілдерімен кездеседі. Сондай-ақ форсайт-сессия, панельдік сессия, семинар сияқты жиналыстарда ел жастарының көкейіндегі сан алуан сауалдарға жауаптар іздестіріліп, олардың білім алу, еңбек ету және жалпы өмірінде кезігетін сан-қилы мәселелер мен қиындықтарды еңсеру жолдары талқыланаатын болады. Сұрақ-жауаптар мен талқылауларды ашық диалог түрінде өрбіту көзделіп отыр.