Ғылыми кеңестің отырысы өтті
31 наурыз 2022
Бүгін, наурыздың 31-і күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Ғылыми кеңестің мәжілісі өтті.
Жиналысқа Ғылыми кеңес мүшелері, бірқатар кафедра меңгерушілері және бөлім басшылары қатысты.
Оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор Г.Б. Әбдірахман, Оқу үдерісін жоспарлау және ұйымдастыру қызметінің басшысы А.С. Сарымсақова, Студенттер және түлектермен жұмыс жасау бөлімінің жетекшісі Ж.Ж. Ысқақов, Ғылыми бөлім жетекшісі Д.Е. Кешубаева, Ақпараттық саясат бөлімінің басшысы С.А. Қансейіт күн тәртібі бойынша әзірлеген өз баяндамаларын кеңес мүшелерінің назарына ұсынды.
Ортаға салынған мәселелер бойынша атқарылуға тиісті іс-шаралар белгіленіп, нақтылы шешімдер қабылданды.
Қабылдау 2024