Menu HELPDESK

Жаңа оқу жылы қарсаңындағы Ғылыми кеңестің алғашқы мәжілісі



2024 жылдың 28 тамызында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында жаңа оқу жылына арналған Ғылыми кеңестің алғашқы мәжілісі өтті.

Консерватория ректоры Гаухар Тасбергенова кездесуді ашып, келер жылға жоспарлармен бөлісті. Отырыс барысында Ғылыми кеңестің құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, қабылдау емтихандарының нәтижелері жарияланды және ішкі жұмыс тәртібі қаралды. Жиын барысында профессор-оқытушылар құрамынан жаңа лауазымға үміткерлердің есімдері де жарияланды.

Мәжілісі алдағы оқу жылының бағытын айқындап, сәтті бастама үшін қажетті үдерістерді реттеуге көмектесті.

   

   
Альбомдарға оралу