«Жаһандық әлемнен кейінгі өнер: метадәстүрден метамәдениетке дейін» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
2 желтоқсан 2024
2 желтоқсан 2024 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына арналған «Жаһандық әлемнен кейінгі өнер: метадәстүрден метамәдениетке дейін» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияның ашылуында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дүйсен Қасейінов, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Гаухар Тасбергенова, Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры Бибігүл Нүсіпжанова, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректорының міндетін атқарушы Раушан Нұртаза, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Философия, саясаттану және дінтану институтының бас директоры Серік Сейдуманов және Қазақстанның ұлттық ЮНЕСКО клубтары федерациясы вице-президенті Сабина Ақжарова құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді.
Конференция ұлттық мәдениеттердің өзара байланысы, постглобалдық әлемдегі өнер мен музыка тақырыптарына арналған баяндамаларымен танымал музыкатанушылар, өнертанушылар және мәдениеттанушыларды біріктірді. Спикерлер арасында Үмітжан Жұмақова, Ульрих Моргенштерн, Марина Карасёва, Шойыста Ғаниханова, Сәуле Өтеғалиева, Ғалия Бегембетова және Дмитрий Останькович болды.
Әрбір баяндамашы консерватория ұжымын құттықтап, естелік сыйлықтарын табыстады.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы осы маңызды шараға атсалысқан ғалымдарға, қатысушылар мен қонақтарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына және CenterCredit банкіне музыкалық ғылым үшін маңызы зор оқиғаға қосқан үлестері үшін зор алғысын білдіреді.
Қабылдау 2024