«Жаңғыру жолындағы батыл қадам» атты кураторлық сағат өтті
18 мамыр 2022
17 мамыр күні Е.Рахмадиев атындағы үлкен концерт залында 5 маусымда өтетін жалпыхалықтық референдумға байланысты 2021-2022 оқу жылындағы 2, 3, 4-курс студенттеріне арналған «Жаңғыру жолындағы батыл қадам» атты кураторлық сағат өтті.
Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Ешмұханов Мұхамбет Ашхатұлы мен ректор аппараты қызметінің басшысы Скаков Ермек Жанатайұлы және заң секторының қызметкері Кенженова Ақерке Борашқызы студенттер алдында саяси науқанға қатысты баяндама жасап, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, білім алушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.
Қабылдау 2024