Menu HELPDESK

«Жаңғыру жолындағы жас ғалым» атты ғылыми - практикалық конференциясы өтті

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Музыкатану, арт-менеджмент, әлеуметтік-гуманитарлық» пәндер факультеті «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы 2024 жылдың 10 сәуір күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына арналған студенттердің «Жаңғыру жолындағы жас ғалым» атты ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Конференция жұмысы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізілді. Барлығы 29 баяндамашы қатысты. Олардың арасында Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің білім алушылары да бар.

        Конференция жұмысы нәтижесінде білім алушылар жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда:

        Қазақ, орыс тілдері секциясы бойынша:

1 орын – Мукушева Әсел, 1 курс, «Музыкатану» білім беру бағдарламасы (Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы), Арыстанғалиева Бақыт, 1 курс, «Халық әні» білім беру бағдарламасы (Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы);

2 орын – Астанбаева Аружан, 1 курс, «Арт-менеджмент » білім беру бағдарламасы (Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы), Аққожа Олжас, 1 курс, «Хорды дирижерлеу » білім беру бағдарламасы (Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы);

3 орын – Үсен Айгерім, 2 курс, «Ішекті аспаптар» білім беру бағдарламасы (Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы), Пасевич Рада, 2 курс, «Фортепиано» білім беру бағдарламасы (Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы), Абилхасенова Назерке, 1 курс, «Қобыз-баян» білім беру бағдарламасы (Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы);

        Ағылшын тілі секциясы бойынша:

1 орын – Смирнов Алексей,1 курс, «Драма театр және кино артисі» білім беру бағдарламасы (Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы), Шевченко Богдан, 1 курс, «Вокалдық өнер» білім беру бағдарламасы (Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы);

2 орын – Байтурганова Сабижан, 1 курс, «Фортепиано» білім беру бағдарламасы (Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы);

3 орын –Сеитхан Дарига, 1 курс, «Арт-менеджмент » білім беру бағдарламасы (Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы), Файзулла Дана, 1 курс, «Вокалдық өнер» білім беру бағдарламасы (Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы), Мадиярова Анель, 1 курс, «Физика-информатика мұғалімі» білім беру бағдарламасы (Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті);

 







Альбомдарға оралу