Menu HELPDESK

ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ МҮШЕЛЕРІ БАС ҚОСТЫ




22 қыркүйекте консерваторияның мәжіліс залында Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Ешмұханов Мұхамет Ашхатұлының қатысуымен өнер-білім ордасының жастар ісі жөніндегі комитеті мүшелерінің жиыны болып өтті.

Аталмыш жиында алғашқы болып сөз кезегін алған проректор Ешмұханов Мұхамет Ашхатұлы өз сөзінде жастар ісі жөніндегі комитет оқу орынындағы жастар өмірі негізін құраушысының бірі екендігін атай келе, комитеттің негізгі мақсаты-білім алушылардың қоғамдық өмірдің әртүрлі саласында жан-жақты дамуы және белсенді болуы үшін жағдай жасайтын бірден-бір ұйым екендігін нақтылады.

Жиын барысында комитетке жаңа қабылданған студенттермен танысып, алдағы жартыжылдық жұмыс жоспары және келешекте атқарылатын іс-шаралар жайында ой бөлісті.

Сөз соңында проректор Ешмұханов Мұхамет Ашхатұлы болашақта бірігіп жұмыс атқаратын студенттерге сәттілік тілеп, жүктелген міндеттерді ойдағыдай атқаруға бағыт-бағдар беріп, жігерлендірді.






Альбомдарға оралу