Menu HELPDESK

Жатақханада тұру мәселелеріне арналған комиссия отырысы өтті


2024 жылғы 29 қазан күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында жатақханада тұру мәселелеріне арналған комиссия отырысы өтті.

Іс-шараға комиссия мүшелері мен жатақхана мәселелері жөніндегі студенттік кеңестің өкілдері қатысты. Талқыланған негізгі мәселелер – жатақханада тәртіпті сақтау, онда тұруға жайлы жағдай жасау және ішкі нормалардың сақталуын қамтамасыз ету.

Кездесу барысында соңғы уақытта студенттердің ішкі тәртіпті бұзу жағдайларына байланысты сөз қозғалды. Комиссия әр кемшілікті мұқият талдап, қатысушылармен әңгімелесіп, қауіпсіздік пен жатақханада жайлы өмір сүруге бағытталған ережелердің маңыздылығын түсіндірді. Ішкі тәртіп нормаларын сақтау барлық студенттер үшін тыныш оқу атмосферасы мен қолайлы жағдайлар жасауға ықпал ететіні атап өтілді.

Іс-шара соңында комиссия мүшелері студенттерді ережелерді сақтауға шақырды, ішкі тәртіпке бағыну жатақханада үйлесімді ортаны сақтау үшін өте маңызды екенін еске салды.




Альбомдарға оралу