Menu HELPDESK

Жеңіспен бөлісуге асықпыз — біздің студенттердің тамаша жеңісі!


24 қазанда Мұхтар Әуезов атындағы стадионда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Өнер факультеті ұйымдастырған футбол матчы өтті, онда біздің командалар 1-ші және 2-ші жүлделі орындарды иеленді!

Жеке құттықтауларымызды «Үздік қақпашы» атанған Жақсылық Нұрасылға және «Үздік шабуылшы» атағын алған Жасұлан Мұратбековке арнаймыз.

Жеңімпаздарға «Аманат» партиясы қолдау көрсеткен ойынның жүлдесі ретінде ақшалай сыйлықтар және Көк-Төбе мен Медеуге баруға сертификаттар табысталды.

Ұйымдастырып, қонақжайлық танытқаны үшін Абай атындағы ҚазҰПУ-ға алғысымызды білдіреміз!

  
Альбомдарға оралу