Menu HELPDESK

Жемқорлыққа жол жоқ!



Жемқорлыққа қарсы Халықаралық күрес күні қарсаңында «Құрманғазы ат. Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ-да Алматы қалалық Жемқорлыққа қарсы қызмет жанындағы жемқорлықтың алдын алу жөніндегі Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тобының өкілі Рашит Болатұлы Сұпығалиев Консерватория басшылығы мен оқытушы-профессорлар құрамымен «Қоғамдағы жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» деген тақырыпта семинар өткізді. Жүздесуде жұмыс үдерісі барысында кездесіп қалып жататын жемқорлыққа жол бермеудің мәселелері талқыға салынды. 

Сондай-ақ кеңесте ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы бойынша жемқорлыққа қатысты қылмыстар жазасының күшейтілгені, сондай-ақ парақорлардың шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіншілігі алынып тасталғаны атап көрсетілді. Бұдан бөлек Қазақстан Республикасының «Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» заңына енгізілген өзгерістер және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заң талаптары тұрғысында жан-жақсы мағлұмат берді. Сонымен қатар, консерватория қызметкерлері де өздерін толғандырған сауалдарына жауап алып, мәселеге орай өз пікірлерін білдірді.









Альбомдарға оралу