Жетіліктің жүлдесі
1 маусым 2022
Үстіміздегі жылғы мамырдың 17-22-сі күндері аралығында Америкада (АҚШ) халықаралық Accordion Star International 2022 байқауы өткен болатын. Аталған бәсекеде Ғалымжан Нарымбетов бастаған септет Астор Пьяццолла аталымы бойынша 1-орынды жеңіп алды.
Альбомдарға оралу
Септеттің құрамында Ғалымжан Нарымбет (аккордеон), Еркебұлан Сапарбаев (1-скрипка), Қанат Шәкібаев (2-скрипка), Дархан Сәдуақасов (альт), Мұса Керімбаев (виолончель), Бекежан Рақышев (контрабас) және Арман Жайым (фортепиано) өнер көрсеткен еді.
Сондай-ақ, осы бәсі мықты бәсеке додасына Ғалымжан Нарымбетов өзінің негізгі, жеке аталымымен қатысып, жүлделі 3 орынды иеленді.
Консерватория түлектерінен құрылған ансамбльді және қазіргі таңда консерваториямыздың «Қобыз және баян» кафедрасында қызмет ететін Ғалымжан Нарымбетовті атаулы жеңістерімен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз!
Қабылдау 2024