«ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ – 2022»
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы
2022-2023 оқу жылына арналған
«ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ – 2022»
байқауын жариялайды
Байқау екі кезеңде консерватория ішінде және республикалық деңгейде өткізіледі.
Байқаудың I кезеңіне қатысу үшін штаттық оқытушылар қатарынан үміткерлердің құжаттары ағымдағы жылдың 24 қазанға дейін консерваторияның Оқу-әдістемелік бөліміне өткізулері тиіс. Олар:
1) Өтінім 1-қосымша;
2) Сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер кестесі 2.1-қосымша (консерватория ішінде); 2.2-қосымша (республикалық деңгейде).
3) Жылдық жұмыс жоспар-кестесі 3-қосымша (республикалық деңгейде).
4) Кадрларды есепке алу жеке іс парағы;
5) Жеке куәлік көшірмесі.
Конкурстың I кезеңі 2022 жылдың 1 қарашасынан басталып, 2022 жылдың 10 қарашаға дейін жалғасады.
Конкурстың I кезеңі бойынша апелляция беру мерзімі 11-15 қараша аралығында өткізіледі.
Байқаудың II кезеңі 2022 жылдың 17 қарашасынан басталып, 2022 жылдың 3 желтоқсанына дейін жалғасады.