Menu HELPDESK

Золан Ласло Ковачтың (Венгрия) шеберлік сағаты және концерті

2025 жылдың 15 мамыр күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында туба аспабында ойнайтын венгриялық музыкант Золан Ласло Ковачтың шеберлік сағаты мен концерті өтеді. Іс-шара Венгрияның Алматы қаласындағы Бас консулдығымен бірлесіп ұйымдастырылады.

Бағдарламада Золан Ласло Ковач (туба) және концертмейстер Рината Нуржанова өнер көрсетеді. Концертке сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Жанат Ерманов жетекшілік ететін Мемлекеттік ағаш үрмелі аспаптар квинтеті, республикалық және халықаралық байқаулардың дипломанты, ұрмалы және үрмелі аспаптар кафедрасының магистранты Сапаралы Оразымбетов (туба), халықаралық байқаудың лауреаты Баян Болжирова (фортепиано) қатысады.


 
Альбомдарға оралу