КӘСІБИ МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ: ТАРИХЫ, ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫ
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯСЫ
27 қараша, 2019 жыл
КӘСІБИ МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ: ТАРИХЫ, ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫ
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының
75 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференция
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының мерейтойы – бұл Қазақстандағы жетекші музыкалық ЖОО-ның бай тарихын қайта жаңғырту ғана емес, музыкалық білім берудің нақты қадамдары мен болашағын да талқылау. Консерваторияның құрылған уақытынан бастап туындаған шығармашылық бағыттар ресейлік, еуразиялық, орта Азиялық мектептермен тығыз байланысты. Заманауи нақтылықтар музыкалық білімді анағұрлым ғаламдық мәселеге айналдыруда, әлемдік деңгейдегі өзгерістерге алып келуде, әрі жаңа кезеңде оқу үрдісін жаңарту, ұлттық дәстүрлер мен XX жүзжылдық ұрпақтарын сақтап қалу міндеттерін алға тартады. Конференция аясында келесі мәселелерді талқылау жоспарлануда:
· Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының тарихы;
· Консерватория және Қазақстандағы музыкалық білім;
· шығармашылық дәстүрді қалыптастыру мен дамытудағы музыкант-педагогтың тұлғалық рөлі;
· кәсіби музыкантты оқытудағы жаңа технологиялар мен әдістер;
· музыкалық білім берудің әлеуметтік мәдени мәні;
· музыкалық білім берудегі жаһандану мен өзара мәдени байланыс.
Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс, ағылшын тілдері. Тікелей немесе сырттай баяндамалармен қатысу мүмкіндігі бар.
2019 жылдың 20 қазанына дейін Ұйымдастыру комитетіне қатысуға өтінім мен баяндаманың толық мәтіні жіберілуі тиіс. Өтініште (бөлек файлда немесе хатта) баяндаманың аты, қатысушының толық аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы, жұмыс орны немесе оқу орны, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы көрсетіледі. Студенттер, магистранттар мен докторанттардың да толық аты-жөні, дәрежесі, ғылыми атағы, ғылыми кеңесші / кеңесші лауазымы көрсетілуі тиіс. Конференция қатысушыларына жинақтың электронды нұсқасы беріледі.
Ұйымдастырушылық төлемдер қарастырылмаған. Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына, ғылыми немесе шығармашылық этиканың нормаларына немесе баяндаманы дайындауға қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін өтініштерді қабылдамауға құқылы. Бағдарламаға баяндамасы енгізілген барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.
Жол жүру және тұратын орынды жіберуші тарап төлейді.
Мекен-жай: 050000, Алматы қ., Абылай хан даңғ. 86. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы.
E-mail: knk.nauka@gmail.com. Тел. +7(727)261-63-64
Баяндамаларға қойылатын талаптар
Баяндаманың көлемі, оның ішінде аннотациялар мен сілтемелер – 20 мыңға дейінгі белгі (шамамен 10 бет). Форматы: компьютерден терілген Microsoft Word форматты (*.doc, *.docx, *.rtf кеңейтімдегі); шрифты — Times New Roman, негізгі мәтінде 12 кегль, ескертпелерде — 10. Ескертпелер (сілтемелер) «Word» бағдарламасында «сноска» функциясын (ctrl + alt + f) пайдаланып жіберіледі. Жол аралығы – бір, барлық шеттер – 2 см, ені бойынша туралау.
Абзацтар 1 см шегіндімен беріледі (кесте немесе бос орын көмегінсіз); абзацтар аралығы — қарапайым, шрифтік белгілеу — курсив. Мақала тақырыптары — ҮЛКЕН әріптер (теңестіруі ортасына). Тақырып алдында — автордың АТЫ және ЖӨНІ курсивпен, қарапайым жолақтық әріптермен, оң жағынан теңестіріп, төменде – жұмыс орны, қала және мемлекет. Әрі қарай үш тілде - зерттеу тақырыбын, негізгі әдістер мен нәтижелерді қысқаша сипаттайтын кемінде 150 сөзден тұратын түйін беріледі.
Тақырыпша — жартылай қою шрифт, тырнақшалар — типографиялық «», цитата ішінде — қарапайым “”. Үндестілік латынша жазылады: C-dur, g-moll, дыбыс атаулары — латын әріптерімен жазылады және курсивпен белгіленеді: h, G, a2. Күндер сандармен беріледі: ғасыр — римдік, жылдар және он жылдықтар — араб.
Ноталық мысалдар, сызбалар мен суреттер негізгі мәтінге енгізілуі керек, сондай-ақ кез-келген графикалық форматтағы (JPEG, TIFF, BMP және т.б. ) бөлек файлдарда берілуі тиіс.
Мақаланы автоматты түрде нөмірленген библиографиялық тізім («Әдебиеттер тізімі» тақырыбымен) аяқтайды. Мәтінде қолданылған әдебиеттерге сілтемелер тік жақшадағы дереккөздің библиографиялық тізімдегі нөмірі мен үтірмен бөлінген бет нөмірімен (мысалы: [17, 25], [3, 36]) дәйексөз келтіру тәртібімен жасалады.
Мақала авторлары ақпараттың, сілтемелердің, цитаталардың және әдебиеттер тізімінің дәлдігі мен сенімділігі үшін толық жауап береді.
Конференция тақырыбына және жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін мақалалар жариялауға жіберілмейді.
Баяндаманың мәтіні мен конференцияға қатысуға өтінім knk.nauka@gmail.com мекен-жайына тек электронды нұсқада беріледі. Толық
мәтіндерді ұсынудың соңғы мерзімі – 2019 жылғы 20 қазан.
КОНФЕРЕНЦИЯ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ЖИНАҒЫ