Menu HELPDESK

Халық әртісі, әнші Мәдениет Ешекеевтің 80 жылдығына арналған «Ұлттық музыка өнері: орындаушылық үрдіс пен оқыту жүйесіндегі өзекті мәселелер» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция

2017 жылдың 3-5 сәуір аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы Халық музыка факультеті Халық әні кафедрасы Халық әртісі, әнші Мәдениет Ешекеевтің 80 жылдығын атап өту жоспарлануда. Осы айтулы мерейтойға орай төмендегідей іс-шаралар өткізіледі:

1.    3 сәуір – «Ұлттық музыка өнері: орындаушылық үрдіс пен оқыту жүйесіндегі өзекті мәселелер» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция;

2.    4 сәуір – Республикалық музыкалық орта оқу орындарының 3-4 курс студенттері мен арнайы мамандандырылған дарынды балаларға арналған музыка мектептерінің 10-12 сынып оқушылары арасында Кіші Олимпиада;

3.      5 сәуір – ҚР БҒМ-нің ІХ Республикалық пәндік студенттік олимпиада.

Халық әртісі, әнші Мәдениет Ешекеевтің 80 жылдығына арналған  «Ұлттық музыка өнері: орындаушылық үрдіс пен оқыту жүйесіндегі өзекті мәселелер» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға  музыкалық оқытушылық және орындаушылық бағыттағы мамандардың: өнертанушы ғалымдар, оқытушылар, жас ізденушілер, докторант, магистранттардың қатысуы көзделеді.

Конференцияның мақсаты: Қазақтың ұлттық ән өнеріне елеулі еңбек еткен әнші М.Ешекеевтің орындаушылығын жас буынға насихаттау, сонымен қатар қазіргі ұлттық музыкадағы орындаушылық үрдіс пен оқыту жүйесі жайында өткір мәселелерді талдау. 

Талқылауға ұсынылған мәселелер:

  • ·         Қазіргі қоғамдағы қазақтың дәстүрлі музыкасының маңыздылығы және  орындаушылық өнер;

  • ·         Қазақстандағы Болон жоғары білім беру жүйесі және дәстүрлі музыканттарды оқыту мәселелері;

  • ·         Ұлттық музыкалық  ән, күй, жыр өнерлеріндегі шығармашылық  (орындаушылық, сазгерлік, т.б.) үрдістер;

  • ·         Дәстүрлі «Ұстаз-шәкірт» жүйесі, оның кешегі және бүгінгі болмысы. Қазіргі музыкалық оқу орындарында дәстүрлі музыканттарды оқытудың әдіснамалық мәселелері;

  • ·         Қазіргі уақытта өңірлердің дәстүрлі стилдік ерекшеліктерін, орындаушылық үрдістерін сақтау жолдары;

  • ·         Арнайы орта  және жоғары   оқу орындарындағы «Халық әні», «Халық аспаптары», «Эпикалық дәстүр» мамандықтарына арналған Типтік және оқу бағдарламаларында кәсіби құзіреттілікті қалыптастырудың өзекті мәселелері.

  • ·         Қазақтың дәстүрлі музыкасы арқылы мектеп және мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы музыкалық-эстетикалық білім беру мәселелері.

ҚАТЫСУДЫҢ ТАЛАПТАРЫ:

Конференцияға қатысу мүмкіндігі төмендегідей формада:

оқылатын баяндаманың маңызы мен өзектілігіне қарай, оны  бір немесе екі секциядағы отырыста оқуға мүмкіндік болады. Конференцияға сырттай қатысу қарастырылған.

Конференцияға қатысушылардың назарына! 2017 жылдың 15 наурызына дейін өтініш қабылданады (тіркеу формасы төменде). 20 науырызына дейін ұйымдастыру комитетіне мақаланың толық нұсқасын және оқылатын баяндаманың қысқаша мазмұнын жіберуі керек (өзектілігіне қарай ол тезис түрінде жарты парақ беттен кем болмауы тиіс). Конференцияға қатысу туралы өтініш беру (егер мақалада бірнеше автор болса – өтініш парағы бірінші автордың атымен аталады, яғни конференцияға қатысуға өтініш және материалдарды поштаға жіберген адамның атынан толтырылады) және тезистер ұйымдастыру комитетінің электронды поштасына жіберілуі керек.

Баяндаманы оқу үшін  регламент 10 минут.  Баяндама (мақала жазу  талабына сай) қағаз және электрон түрінде өткізіледі.

Баяндаманы мазмұнын (тезис) жазу талабы

1.      Парақтың параметрлері: жоғарғы -2 см, төменгі -2 см, оң -1,5 см, сол -3 см.

2.      Шрифт: Times new Roman, кегль – 14.

3.      Жоларалық: 1 интервалмен.

4.      Жаңа жол: 1,25 см.

5.      Парақ ортасына баяндама мазмұнынының тақырыбы БАС ӘРІПТЕРМЕН (ҚОЮ ШРИФТПЕН) жазылады.

6.      Келесі жолда – жәй әріптермен (қою шрифтпен) автор (лар) – дың тегі, аты-жөні, жұмыс орындалған мекеменің толық аты (қою шрифтпен) (мақала авторы оқитын немесе жұмыс істейтін жоғары оқу орны, кәсіби орта оқу мекемесі, мектеп) және электронды поштасы жазылады.

Ұйымдастыру комитеті конференцияны қорытындылағаннан кейін мақалаларды ғылыми еңбектер жинағы етіп баспадан шығаруды жоспарлайды. Мақаланың мазмұнына редакторлар алқасы жауап бермейді, оның толық жауапкершілігі автордың иелегінде болады. Конференцияның жинағы авторларға таратылады. Бір мақаланы жариялау 3000 теңге, бір мақаланың төңірегіндегі бірнеше авторларға қосымша төлем алынбайды (біріккен авторлардың саны 3 – адамнан аспауы тиіс). Талапқа сай емес толтырылған және ұйымдастыру комитетіне көрсетілген уақыттан кеш өткізілген мақалалар ғылыми еңбектер жинағына енгізілмейді. Сондай-ақ қабылданған мақалалардың өзектілігін, маңызын қарай отырып, баспаға шығару туралы шешімді сараптау комиссиясы қабылдайды.

Мақаланы жазу талабы

Мақала материалдары баспадан шығу үшін келесі талаптарды қанағаттандыру керек. Мақала мәтіні 5 парақтан аспауы керек және тіркеу формасы MS Word мәтіндік редакторы бойынша жазылған болуы керек:

1.        Кестелер, схемалар, ноталар, суреттер парақтың ортасына қойылуы тиіс, тақырыбы бір интервал түсіп ортасында көрсетілуі керек және Windows-та терілген болуы қажет.

2.        Парақтың параметрлері: жоғарғы -2 см, төменгі -2 см, оң -1,5 см, сол -3 см.

3.        Шрифт: Times new Roman, кегль – 14.

4.        Жоларалық: 1 интервалмен.

5.        Жаңа жол: 1,25 см.

6.        Парақ ортасына мақаланың тақырыбы БАС ӘРІПТЕРМЕН (ҚОЮ ШРИФТПЕН) жазылады.

7.        Келесі жолда – жәй әріптермен (қою шрифтпен) автор (лар) – дың тегі, аты-жөні, жұмыс орындалған мекеменің толық аты (қою шрифтпен) (мақала авторы оқитын немесе жұмыс істейтін жоғары оқу орны, кәсіби орта оқу мекемесі, мектеп) және электронды поштасы жазылады.

8.        Баяндама тақырыбы астына –  жүз сөзден тұратын аңдатпасы (аннотация) беріледі (егер мақала қазақ тілінде жазылған болса, онда аңдатпа (аннотация) орыс тілінде жазылуы міндеттеледі). 

9.        Жұмыстар: қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.

10.    Астына: Бір интервалдан кейін жаңа жолдан – баяндама (мақала) материалдары.

11.    Әдебиеттер тізімі еңбекте көрсетілу тәртібіне қарай мақаланың соңында жазылады. Сілтеме берілген әдебиеттер мәтінде қисық, тік жақшаның ішінде әдебиеттер тізіміндегі нөміріне сай нөмірмен көрсетіледі. Дәйектеме (цитата) қолданған жағдайда міндетті түрде түпнұсқаның парағы көрсетілсін: /1,с. 256/.


Тіркеу формасы

1. Тегі, аты-жөні (толығымен) __________________________________________________

_____________________________________________________________________________

2. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (бар болса) ____________________________________

3  Ғылыми жетекшінің аты-жөні _________________________________________________

4. Ғылыми жетекшінің ғылыми  дәрежесі _________________________________________

5. Ұйым (жоғары оқу орнының, кәсіби орта оқу мекемесінің, мектептің аты, мекен-жайы)

_____________________________________________________________________________

6. Автордың мекен-жайы (индекс көрсету міндетті) ________________________________

7. Телефон (Халықаралық кодымен) _____________________________________________

8. E-mail (міндетті) ____________________________________________________________

9. Мақала тақырыбы ___________________________________________________________

10.Керекті техникалық  құралдар ______________________________________________

Конференцияның финанстық жағдайы: конференцияның қатысушыларының жол шығыны және жатын орындарын жіберуші тарап өз мойнына алады.

Конференцияға қатысу және мақаланы жариялуға өтініш беруді  төмендегі электронды адреске жолдайсыз: amangeldi_80@mail.ru 8701 173 24 56