Menu HELPDESK

(PHD) ДОКТОРЛЫҚ ДИССЕРТАЦИЯ ҚОРҒАУЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

ҚАЛИБАЕВА АЙЖАН СЕРИКОВНА ҚОРҒАУЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының философия докторы (PhD) дәрежесiн беру жөніндегі докторлық диссертацияларды қорғау бойынша 8D02101 – Музыкатану, 8D02111 – Композиция, 8D02105 – Дирижерлеу, 8D02123 – Арт-менеджмент, 8D02102 – Аспаптық орындаушылық, 8D02104 – Дәстүрлі музыка өнері, 8D02103 – Вокалдық өнер мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесiн алуға байланысты «Заманауи музыканттың шығармашылық əмбебаптылығы (Қазақстан композиторлары мысалында)» тақырыбында жазылған Қалибаева Айжан Сериковнаның диссертациялық жұмысы қорғалатынын хабардар етеді.

Диссертациялық жұмыс орыс тілінде жазылған, Құрманғазы атындағы ҚҰК «Музыкатану» кафедрасында дайындалған.

 

Ғылыми кеңесшілер:

1. Недлина Валерия Ефимовна – өнертану ғылымдарының кандидаты, «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ «Музыкатану және композиция» кафедрасының доценті, «ҚР Мәдениет саласының үздігі» (Алматы, Қазақстан).

2. Марко Кёльбл – (РhD) философия докторы, қауымдастырылған профессор, Музыка және орындаушылық өнер университетінің (MDW) «Халық музыкасы мен этномузыкология» кафедрасының меңгерушісі (Вена, Австрия).

 

Ресми рецензенттер:

1. Кирнарская Дина Константиновна – өнертану ғылымдарының докторы, психология ғылымдарының докторы, профессор, ректордың кеңесшісі, «Музыка тарихы» кафедрасының меңгерушісі, «Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясы» ФМББМ ЖБ (Мәскеу, Ресей).

2. Джумакова Умитжан Рахметулловна – өнертану ғылымдарының докторы, «К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті» РММ «Музыкатану және композиция» кафедрасының профессоры (Астана, Қазақстан).

 

 

Диссертация қорғауы 2025 жылдың 17 қарашасында сағат 14:00-де Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Диссертациялық кеңес мәжілісінің отырысында (мекен-жайы: Алматы қ., Төле би көшесі, 59) «Аль-Фараби Hall» конференц-залында өтеді.

Қорғау рәсімі Құрманғазы атындағы ҚҰК-ның ресми YouTube парақшасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Сілтеме: https://www.youtube.com/channel/UCkiaseppH_8qDaJOMr1XHRw

 

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерінің құрамы:

 

1. Юнусова Виолетта Николаевна – «П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы» ФМБЖ ББМ «Шетелдік музыка тарихы» кафедрасының профессоры, өнертану ғылымдарының докторы.

2. Алябьева Анна Геннадьевна – «А.Г. Шнитке атындағы Мәскеу мемлекеттік музыка институты» МБЖ ББМ, «Философия, тарих, мәдениет және өнер теориясы» кафедрасының меңгерушісі, профессор, өнертану ғылымдарының докторы.

3. Акпарова Галия Толегеновна – «К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті» РММ «Музыкатану және композиция» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, өнертану ғылымдарының кандидаты.