Баяндамаларға қойылатын талаптар
Баяндаманың көлемі, оның ішінде аннотациялар мен сілтемелер - 20 мыңға дейінгі белгі (шамамен 10 бет). Форматы: компьютерден терілген Microsoft Word форматты (*.doc, *.docx, *.rtf кеңейтімдегі); шрифты — Times New Roman, негізгі мәтінде 12 кегль, ескертпелерде — 10. Ескертпелер (сілтемелер) «Word» бағдарламасында «сноска» функциясын (ctrl + alt + f) пайдаланып жіберіледі. Жол аралығы - бір, барлық шеттер - 2 см, ені бойынша туралау.
Абзацтар 1 см шегіндімен беріледі (кесте немесе бос орын көмегінсіз); абзацтар аралығы — қарапайым, шрифтік белгілеу — курсив. Мақала тақырыптары — ҮЛКЕН әріптер (теңестіруі ортасына).Тақырып алдында — автордың АТЫ және ЖӨНІ курсивпен, қарапайым жолақтық әріптермен, оң жағынан теңестіріп, төменде – жұмыс орны , қала және мемлекет. Әрі қарай үш тілде - зерттеу тақырыбын, негізгі әдістер мен нәтижелерді қысқаша сипаттайтын кемінде 150 сөзден тұратын түйін беріледі.
Тақырыпша — жартылай қою шрифт, тырнақшалар — типографиялық «», цитата ішінде — қарапайым “”. Үндестілік латынша жазылады: C-dur, g-moll, дыбыс атаулары — латын әріптерімен жазылады және курсивпен белгіленеді: h, G, a2. Күндер сандармен беріледі: ғасыр — римдік, жылдар және он жылдықтар — араб. Ноталық мысалдар, сызбалар мен суреттер негізгі мәтінге енгізілуі керек, сондай-ақ кез-келген графикалық форматтағы (JPEG, TIFF, BMP және т.б. ) бөлек файлдарда берілуі тиіс.
Мақаланы автоматты түрде нөмірленген библиографиялық тізім («Әдебиеттер тізімі» тақырыбымен) аяқтайды. Мәтінде қолданылған әдебиеттерге сілтемелер тік жақшадағы қайнаркөздің библиографиялық тізімдегі нөмірі мен үтірмен бөлінген бет нөмірімен (мысалы: [17, 25], [3, 36]) дәйексөз келтіру тәртібімен жасалады.
Конференция тақырыбына және жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін мақалалар жариялауға жіберілмейді.
Баяндаманың мәтіні мен конференцияға қатысуға өтінім knk.nauka@gmail.com мекен-жайына тек электронды нұсқада беріледі. Толық мәтіндерді ұсынудың соңғы мерзімі – 2018 жылғы 15 наурыз.