Menu HELPDESK

Дирижерлік


5В040500 – ДИРИЖЕРЛЕУ

 

Осы мамандыққа үміткерлер үшін алдыңғы білім деңгейі болу керек:

1. музыкалық колледж;

2.мамандандырылған музыка мектептері;

3.өнер колледжі, гуманитарлық-педагогикалық колледжі;

4.эстрадалық-цирк училищесі;

5. жоғары оқу орындары (екінші жоғары білімалу–ақылы негізде).

 

І.МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН


«Хорды дирижерлеу» мамандығы

1. Бағдарламаны орындау:

- екі түрлі контрасттық шығармаларды дирижерлеу (біреуі–a’cappella, екіншісі – сүйемелдеумен);

-комиссияның таңдауы бойынша хор партитурасы мен фортепианолық шығармаларды жатқа ойнап беру;

2. Дыбыстық талдау (интервалдар, аккордтар, 1-дәрежелі туыстықмодуляциялар).

3. Коллоквиум келесі сұрақтарды қамтиды:

- орындалатын шығарма бойынша композиторлардың шығармашылығы мен өмірбаяны туралы (композиторлық стилінің, жанрының, шығармасының сипаттамасы);

- музыкалық-теориялықпәндер мен хор әдебиетінен жалпы музыкалық дүние танымы

 

«Опера-симфониялық дирижерлеу» мамандығы

Шығармаларды орындау:

- екі түрлі контрасттық шығармаларды дирижерлеу (симфонияның бір бөлімі, увертюра, поэма);

- комиссияның таңдауы бойынша фортепианолық шығармаларды жатқа ойнап беру;

-дыбыстық талдау (интервалдар, аккордтар, 1-дәрежелі туыстық модуляциялар).

- коллоквиум келесі сұрақтарды қамтиды:

- орындалатын шығарма бойынша композиторлардың шығармашылығы мен өмірбаяны туралы (композиторлық стилінің, жанрының, шығармасының сипаттамасы);

-музыкалық-теориялық пәндермен опералық және симфониялық әдебиеті бойынша жалпы музыкалық дүние танымы.

Бағалау критерийлері:

29-40 балл:

Өтініш берушінің жарқын музыкалық қабілеті бар, мануалдық техникасының барлық әдістерін және музыкалық аспапты еркін меңгерген, авторлық мәтінді сауатты оқитын, туындының мазмұны туралы хабардар, дүниетанымы кең, музыка тарихы мен орындаушылық өнерді терең меңгерген

17-28 балл:

Өтініш берушінің жақсы музыкалық қабілеті бар, қолдың мануалдық техникасының әдістерін және музыкалық аспапты қанағатпен меңгерген, авторлық мәтінді сауатты оқитын, туынды мазмұны туралы хабардар, мазмұнды,бірақ коллоквиум жауаптары толық аяқталмаған

5-16 балл:

Талапкердің музыкалық қабілеті мен музыкалық аспапта ойнауының орташа болуы, орындалатын шығарманың стилі мен мазмұнын нашар түсінуі, коллоквиумға нашар жауап беруі, дүниетанымының шектеулі болуы

0-4балл:

Талапкердің музыкалық қабілетінің жоқ болуы және аспапта ойнау қабілетінің болмауы. Оқуға түсу үшін қойылған талаптарға бағдарламасы сай емес. Коллоквиум сұрақтары бойынша білімі нашар

 

ІІ. Музыкалық-теориялық пәндерден шығармашылық емтихан

Сольфеджио – жазбаша (хроматизмі бар біртональді, 1 дәрежедегі тональдікте ауытқуы бар 3-дауысты диктант)

Гармония – билет бойынша (модуляция, секвенция ойнау, гармониялық талдау).

 

ІІІ. ТАЛАПКЕРДІ КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУ

Өтініш беруші кешенді тестілеуге қатысу үшін Құрманғазы атындағы ҚҰК-ның қабылдау комиссиясына үлгідегідей көрсетілген бланкіге өтініш жазып, тестілеуге ақы төленгені туралы түбіртек тапсырады. Тестілеуге өткізілген талапкерге фотосуреті бар арнайы өткізу парағы беріледі. Тестілеу келесі пәндер бойынша жүргізіледі:

1. Қазақстан тарихы.

2. Оқу сауаттылығы (өтініш берушінің таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде).

 

 


Альбомдарға оралу