Композиция
5В041100-Музыкатану және композиция
І. МАМАНДЫҚТАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН
1. Шағын көлемді жанрдағы өз туындысын ұсыну:
- аспапты пьеса, прелюдия, вариация, әртүрлі аспапқа арналған сюита (фортепиано, скрипка, флейта, домбра және т.б.);
- вокалды шығармалар (романстар, балладалар, шағын көлемді хорлар).
Барлық шығармалар клавир немесе партитура түрінде көрсетіледі. Міндетті түрде фортепианода орындалуы тиіс (илююстратормен орындауға немесе аудиожазба түрінде көрсетуге рұқсат етіледі.
2. Музыкалық әдебиет бойынша коллоквиум–міндетті түрде орыс, кеңес кезеңіндегі және шетел композиторларының классикалық шығармаларын, заманауи шетел және Қазақстан композиторларының шығармаларын жетік білу.
Бағалау баламасы:шығарма формасын сезіну, ассоциативті-бейнелі ойлау, музыкалы-теориялық дайындық, жалпы ой-өрісі, импровизация жасай білу.
ІІ.МУЗЫКАЛЫ -ТЕОРИЯЛЫҚ ПӘНДЕР БОЙЫНША ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН (гармония, сольфеджио)
Гармония – период көлеміндегі, құрамында қосымша, ауытқу, диатоникалық қатынастағы тоналдіктерге модуляциясы бар және аккорд құрамына кірмейтін дыбыстары бар есеп шығару.
Сольфеджио– жазбаша түрде диктант жазу. Диктант – гармониялық үйлесімде, диатоникалық немесе хроматикалық туыстас тоналдікке модуляциясы бар болып келеді.
ІІІ. КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУ
Кешенді тестілеуге қатысу үшін талапкер Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының қабылдау комиссиясына талап бойынша белгіленген өтінішін білдіріп, тестілеуге қатысу үшін берген төлемақысының түбіртегін көрсетуі қажет. Тестілеуге қатысатын талапкерге фотосуреті жапсырылған арнайы рұқсатнама беріледі. Тестілеу келесі пәндер бойынша өтеді:
1. Қазақстан тарихы
2. Оқу сауаттылығы (қай тілде оқитынын талапкер өзі таңдайды).