Музыкалық білім беру және психология
5В010600 – МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ
Осы мамандыққа үміткерлер үшін алдағы келетін білім деңгейі болуы мүмкін:
1. музыкалық колледж, мамандандырылған музыкалық мектеп;
2. қосымша бес және жеті жылдық музыкалық біліммен орта білім беру мектебі;
3. өнер колледжі, гуманитарлы-педагогикалық колледжі;
4. эстрадалы-цирктік училище;
5. ақылы сырттай оқу;
6. жоғары оқу орны (екінші жоғары білім алу – ақылы).
І. МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН
Екі тапсырмадан тұрады:
1. Үміткер үш шығарма орындауы қажет:
– пианисттер үшін үш фортепианолық шығарма орындау;
– басқа мамандықтар үшін негізгі мамандығы бойынша кем дегенде 2 шығарма және үшінші «Фортепиано» пәні бойынша шығарма.
2. Коллоквиум орындалатын бағдарлама композиторларының өмірбаяны, шығармашылығы бойынша сұрақтарды (композиторлік стильдің сипаттамасы, жанры, шығармалары) қамтиды.
БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ
Бағалау 29-40 балл:
Үміткер артисттік қабілетін танытуы қажет, аспапта еркін ойнай алуын, авторлық мәтінді сауатты оқуын, шығарма мазмұнын түсінуі, кең ойлай алуы, музыка тарихы мен орындаушылық өнер бойынша терең білімі.
Бағалау 17-28:
Үміткер артисттік қабілетін танытуы қажет, аспапты жеткілікті меңгеруі, авторлық мәтінді түсініп оқу, шығарма мазмұнын түсінуі, музыка тарихы мен орындаушылық өнері бойынша жалпы көзқарасы.
Бағалау 5-16:
Үміткер артисттік қабілетін танытуы және аспапта ойнай алуын көрсетуі қажет, орындалатын шығармалардың мазмұны мен стилистикасын әлсіз түсінуі, музыка тарихы мен орындаушылық өнер бойынша шектеулі көзқарас.
Бағалау 0-4:
Үміткерде артисттік және аспапты меңгеру қабілеті жоқ. Оқуға түсу үшін бағдарлама келтірілген талаптарға сәйкес келмейді. Музыка тарихы мен орындаушылық өнер бойынша білімі әлсіз.
ІІ. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН
Үш тапсырманы қамтиды:
1) тестілеу 30 минут (жалпы музыкалық көқарасы)
2) өз сүйемелдеуімен әнді орындау (аспап үміткердің өз таңдауымен)
3) мектепке арналған ән-жинақты парақтан оқу
БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ:
Бағалау 29-40 балл: Үміткер тест сұрағының кем дегенде 80% - на жауап беруі тиіс. Дауыс және сүйемелдеу қабілеттерін көрсету, орындаушылық еркіндігін көрсету, вокалдық интоннацияның тазалығы және нота парағын оқи алу қабілеті.
Бағалау 17-28: Үміткер тест сұрағының кем дегенде 60% - на жауап беруі тиіс. Қандай дауыс дәрежесіне ие екенін және сүйемелдей алу қабілетін көрсету. Вокалды интоннация тазалығы мен парақтан нотаны оқи алуға қызығушылығын көрсету.
Бағалау 5-16: Үміткер тест сұрағының кем дегенде 40% - на жауап беруі тиіс. Вокалдық көрсеткіштерін және концертмейстерлік қабілетін көрсету. Вокалдық интоннация тазалығына және парақтан нотаны дұрыс оқуға ұмтылу.
Бағалау 0-4: Үміткер тест сұрағының кем дегенде 40% - на жауап берді. Ән айту және аспапқа ілесу қабілетін көрсетпеді. Вокалдық интоннация тазалығын естімейді және парақтан нотаны дұрыс оқымайды.
ІІІ. ҮМІТКЕРДІ КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУ
Кешенді тестілеуге қатысу үшін үміткер Құрманғазы атынд. ҚҰК – ның қабылдау комиссиясына бекітілген бланка үлгісі бойынша өтініш жазады, тестілеуден өту үшін төленген түбіртекті өткізеді. Тестілеуге жіберілген үміткерге суретпен арнайы өткізу қағазы беріледі. Тестілеу келесі пәндер бойынша өткізіледі:
1. Қазақстан тарихы.
2. Оқу сауаттылығы (тіл үміткердің таңдауы бойынша қазақ, орыс тілдерінде).