Menu HELPDESK

Ғылыми-редакциялық бөлімі

Ғылыми-редакциялық бөлім басшысы - Галия Зайнакуловна Бегембетова

өнертану кандидаты, «Музыкатану және композиция» кафедрасының профессоры, Saryn журналының бас редакторы


Байланыс деректері:

Электрондық пошта: editor@sarynjournal.kz


Ғылыми-редакциялық бөлім 2025 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының құрылымында құрылды. Ғылыми-редакциялық бөлім интернет кеңістігінде жариялау жобаларын жүзеге асырып, баспа түрінде шығаралатын халықаралық рецензияланатын Saryn ғылыми журналының ұйымдастырушылық, жариялау және ақпараттық сүйемелдеу қызметін қамтамасыз етеді. Журнал сайты: sarynjournal.kz


Журналдың ресми ресурстары:

1. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ресми сайтындағы Saryn парақшасы.

2. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының электрондық кітапханасы.

Facebook: https://www.facebook.com/sarynjournal

Telegram: https://t.me/sarynjournal

Instagram: https://www.instagram.com/saryn.journal/


Ғылыми-редакциялық бөлімнің негізгі қызмет бағыттары:

1) халықаралық рецензияланатын ғылыми Saryn журналын шығару үшін дайындық (мақалаларды жинау, авторлармен жұмыс, рецензенттермен жұмыс, редакциялау, беттеу, дизайн, sarynjournal.kz сайтының толықтыру және басқа да жұмыстар) жүргізу;

2) халықаралық рецензияланатын ғылыми Saryn журналын интернет желісінде, sarynjournal.kz ресми сайтында жариялау;

3) халықаралық рецензияланатын ғылыми Saryn журналын қағаз түрінде баспа форматында шығару;

4) Консерваторияның ғылыми Saryn басылымы туралы мәселелер бойынша жоғары оқу орнының сыртқы өкілдігі, data-базаларында, ғылыми өкілдіктерде, министрліктерде және ғылыми-зерттеу мен ғылыми-редакциялық дамуға бағытталған басқа да ұйымдарда жұмыс жүргізу;

5) sarynjournal.kz ресми сайтын техникалық сүйемелдеу жұмысын үйлестіру;

6) Saryn журналының жақын және алыс шетелдермен, сондай-ақ Қазақстан Республикасында ғылыми-зерттеу және мәдени ұйымдармен ынтымақтастығын үйлестіру;

7) Saryn қызметін дамытуға қызығушылық танытқан тұлғаларды (авторлар, рецензенттер, редакторлар) алыс- жақын шетелдерден тарту.