Menu HELPDESK

Дирижерлеу кафедрасы

Кафедра тарихы 


Құрманғазы атындағы ұлттық консерватория - республикадағы ең жоғары музыкалық білім беру орталықтарының бірі. Оның орындаушылық ғылыми педагогикалық әлеуеті жеткілікті деңгейде.  ХХІ ғасырға ең бай рухани тәжірибесімен, баға жетпес дәстүрлерімен және орасан зор шығармашылық әлеуетімен енген консерваторияның жетекші кафедраларының бірі – «Дирижерлеу» кафедрасы.

Дирижерлеу кафедрасы 6В02105 – "Дирижерлеу" (бұдан әрі – ББ) мамандығының білім беру бағдарламасы шеңберінде қызметін жүзеге асыра отырып, қазіргі заманғы ЖОО-ның профессорлық – оқытушылық құрамының (бұдан әрі-ПОҚ) алдына студенттердің өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру, жаңа білімді меңгеруге саналы түрде ұмтылу, өзінің кәсіби біліктілігі мен жалпы мәдениеті деңгейін үздіксіз арттыру міндетін қояды.

Білім беру бағдарламасы Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваторияда 1944 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Осы жылдар ішінде Қазақстан үшін музыкалық орындаушылық өнерге зор үлес қосқан үздік орындаушылар қатары көбейді. "Хор дирижерлеу" кафедрасының негізі 1944 жылы Құрманғазы атындағы Алматы  Мемлекеттік консерваториясы ашылған сәттен басталады. 1944 жылдан 1964 жылға дейін кафедранының бірінші меңгерушісі, ұйымдастырушысы болып көрнекті хормейстер және педагог, Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясының түлегі,  Қазақ ССРО-ның халық артисі, профессор Б.В. Лебедев,  кафедраның алғашқы педагогикалық құрамының қатарына: Б.В. Лебедев, Е.С. Бобровская, О.В. Юрьева, З.М. Такисова кірді.

1958 жылы кафедра құрамына КСРО халық әртісі профессор А.В. Молодов (Мәскеу консерваториясының аспиранты КСРО халық әртісі, профессор А.В. Свешниковтің оқушысы) қосылды. Ол 1959 жылдан 1989 жылға дейін Б.Байқадамов атындағы  қазақ хор капелласының көркемдік жетекшісі болды. А.В. Молодов 1978 жылдан 1986 жылдар және 1994 жылдан 1998 жылдар аралығында кафедра меңгерушісі болды.

60-жылдары кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамына консерваторияның түлектері: Б.Н. Шестаков, Б.С. Кутунов, Т.Н. Нұрымбетов қосылды. 1964-1966 жылдар аралығында  кафедраны Қазақ ҚСРО-нің еңбек сіңірген әртісі - Г.Е. Виноградова басқарды. (Н.А. Римский-Корсаков атындағы Ленинград консерваториясының түлегі).

1968 жылы кафедра құрамына Н.А. Римский-Корсаков атындағы Ленинград консерваториясының түлегі, ҚР халық әртісі, профессор Б.А. Жаманбаев қосылды. Сол жылдан бастап Б.А. Жаманбаев опера студиясының хорын басқарды, ал 1969-2008 жылдары Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының бас хормейстері және дирижері қызметін атқарды.

1966-1978 жылдары  кафедраны профессор, РКФСР еңбек сіңірген өнер қайраткері Б.М. Ляшко (Н.А. Римский-Корсаков атындағы Ленинград консерваториясының түлегі) басқарды. Кафедра құрамына Б.А. Жаманбаев, Л.И. Шелепина, Т.Н. Нұрымбетов, И.Б. Лебедев, Т.М. Алибакиева, К.К. Мусина, Л.А. Айдарбекова кірді.

1992 жылдан 2006 жылдар аралығында консерваторияның студенттік хорын ҚСРО-ның халық әртісі, профессор А.В. Молодов басқарды, Хор музыкасының бірқатар күрделі бағдарламаларын орындау кезінде «Орыс композиторларының рухани хор музыкасы», «Қазақстан композиторларының хор музыкасы», «Орыс композиторларының заманауи музыкасы»,  "Қайта өрлеу дәуірінің хор музыкасы» Дж..Вердидің, Н.Иомеллидің реквиемдері, Ф.Гендельдің «Мессия» ораториясы «жаңа тынысқа» ие болып толығымен орындалды.

2000 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін кафедраны қазақстандық музыка өнерінің мэтрі, ҚР Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, "Құрмет", "Парасат" және "А.Байтұрсынов ордендерінің" иегері  профессор Б.А. Жаманбаев басқарып келеді.

Профессор Б.А. Жаманбаевтың түлектерінің арасында: ҚР Еңбек сіңірген әртісі  – профессор Л.А. Айдарбекова, ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері – С.Бәйтереков, ҚР Халық әртісі – М.Ахмадиев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері – Б.Рахымжанов, А.Торыбаев, А.Мұхитдинов бар.

2006 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін студенттік хорға  ҚР қайраткері Я.С. Рудковский (профессор Б.А. Жаманбаевтың түлегі) жетекшілік етуде. Осы уақытқа дейін кафедрада доцент К.К. Мусина, доцент П.К. Негманова, доцент Л.И. Ясонова, доцент Ж.И. Жұмабеков жеткілікті уақыт сабақ беріп келеді.

2007 жылы кафедра құрамына ҚР Халық әртісі, профессор Т.А. Әбдірашев бастаған "Оркестрлік дирижерлеу" секциясы кірді. "Опералық-симфониялық дирижерлеу" кафедрасының негізін 1967 жылы ҚСРО Халық әртісі Ш. Қажғалиев құрды. 1992 жылы «Тарих-теориялық факультетінде» кафедра «Опералық-симфониялық дирижерлеу» секциясы болып қайта құрылды. 1996 жылы «Опералық-симфониялық дирижерлеу» секциясы «Композиция» кафедрасының құрамына кірді. Секция меңгерушісі ҚР Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Т.Әбдірашев болды. Секцияның жетекші педагогтары Т.Әбдірашев, Н.Жарасов, А.Нүсіпбаев болды. 70-ші жылдары кафедра мүшелері М.Қалауов, Р.Айдос, О.Готман, Ж.Рысқалиев, А.Мырзабеков, В.Рюттер болды. Кейін кафедраға Құрманғазы атындағы "Халық аспаптары" оркестрінің дирижері ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, доцент Ж.Бегендиков, Ж.Темірғалиев, Ә.Нүсіпбаев, С.Унайбеков сынды дирижерлер шақырылды.

Қазіргі уақытта "Дирижерлеу" кафедрасында көптеген жас мамандар, барлығы 33 оқытушылар қызмет атқаруда.

2009 жылдан бастап ҚР жоғары оқу орындарының бакалавриат студенттері арасында білім және ғылым министрлігінің бастамасымен өткізілетін Республикалық студенттік пәндік олимпиада шеңберінде ҚҰК-да Кіші олимпиада өтеді, оған барлық мамандықтар бойынша, оның ішінде "Дирижерлеу" мамандығы бойынша орта буын оқушылары қатысады. Кіші олимпиада кезінде қатысушылар консерватория кафедрасының жетекші педагогтарының ашық сабақтары мен шеберлік сабақтарына қатыса алады, сондай-ақ консультациялар кезінде құнды ұсыныстар ала алады. Кіші олимпиада лауреаттары консерваторияға түсу кезінде талапкерлер арасында артықшылыққа ие болды, олар: Кузикеев Ренат, Макеев Богдан, Кулниязова Мөлдір, Усольцев Кирилл, Аралхан Анар, Баймуханова Сания, Ғалым Мәрмәр, Ермекова Қарлығаш, Шакирова Салтанат, Ілес Меруерт, Оңдасынова Мәншүк, Мыңжасарова Ғалия және т.б.

Білім беру бағдарламасы бірегейлігінің негізін құраушы "Дирижерлеу" кафедрасының жоғары кәсіби педагогикалық құрамы болып табылады»:

– Б.А Жаманбаев – ҚР Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, "Құрмет", "Парасат" және "А.Байтурсынов ордендерінің" иегері;

- Б.К.Демеуов – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Б.Байқадамов атындағы Қазақ мемлекеттік хор капелласының көркемдік жетекшісі және бас дирижері, доцент;

- Г.К Берекешев – "Мәдениет саласының үздігі", Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының бас хормейстері,  доцент;

- Я.С Рудковский – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы ҚҰК аралас хорының жетекшісі;

- Л.И.Ясонова – "Мәдениет саласының үздігі", А.Байтұрсынов атындағы ҚР ЖОО Ассоциациясының алтын медалінің лауреаты. доцент

- Негманова П.К. – "Мәдениет саласының үздігі", доцент.

Студенттерді жоғары кәсіби педагогтар даярлауда:

- Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;

- Республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары;

- ҚР Мемлекеттік атақтары;

- доценттер;

- профессорлар;

- педагогика және өнертану ғылымдарының кандидаттары;

- педагогика және өнертану ғылымдарының докторлары. 

 

Кафедраның жетістіктері:


2004 ж. – Профессор Жаманбаев Базарғали Әжиұлы «Құрмет» орденімен марапатталды;

2006 ж. – Профессор Жаманбаев Базарғали Әжиұлы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын алды;

2012 ж. –  доцент Ясонова Людмила Иннокентьевна Республикалық хор музыкалық фестивалінің үздік концертмейстер дипломы мен марапатталды;

2014 ж. – профессор Жаманбаев Базарғали Әжиұлы А. Байтұрсынов атындағы орденімен марапатталды;

2014 ж. – доцент  Ясонова Людмила Иннокентьевна – А.Байтұрсынов атындағы алтын медаль иегері;

2014 ж. – доцент Ясонова Людмила Иннокентьевна Мәдениет саласының үздігі» атағыналды;

2014 ж. – доцент Негманова Паиза Казизовна «Мәдениет саласы үздігі» атағыналды;

2014 ж. – Құрманғазы атындағы ҚҰК аралас хорының ҚҰР Бейжің қаласына сапары;

2015 ж. – Кузикеев Ренат Квайдолович – VI Халықаралық академиялық дирижерлар конкурсының 3 орын лауреаты (Ресей, Красноярск);

2017 ж. – Құрманғазыатындағы ҚҰК аралас хорының Будапешт  қаласынасапары (Венгрия);

2018 ж. – Макеев Богдан Мугумович – VIІ Халықаралық академиялық дирижерлар конкурсының 2 орын лауреаты (Ресей, Красноярск);

2018 ж. – Макеев Богдан Мугумович -И.А. Михайлов атындағы І Халықаралық хор дирижерлар байқауының  ІІ дәрежелі дипломы (Ресей, Тула);

2018 ж. – Римский-Корсаков атындағы Санкт-Петербург консерваториясының доценті, композитор, дирижер, академиялық хор өнері факультетінің меңгерушісі, мемлекеттік Санкт-Петербург мәдениет институтының концеттік хорының дирижері, көркемдік жетекшісі Екимов Сергей Викторовичтің халықаралық шеберлік класы.

2018 ж. – Профессор Жаманбаев Базаргали Ажиұлы «Парасат» орденімен марапатталды;

2018 ж. – Аға-оқытушы Рудковский Ян Станиславович «Қазақстанның Еңбек Сіңірген Қайраткері» атағын алды;

2018 ж. – Г. Берекешев «Мәдениет саласының үздігі» атағын алды.




Оқытушылар құрамы:

Жаманбаев Базарғали Әжиұлы – кафедра меңгерушісі, профессор (ВАК), ҚР халық артисі
Темірғалиев Жамағат Хафизұлы –  профессор, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері
Демеуов Беймбет Кеңесбайұлы – доцент (акад), ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Бегендіков Жалғасбек Әмірханұлы – профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері (ВАК)
Жарасов Нұрлан Салаватұлы –  профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Ахмедияров Ерболат Қаршымбайұлы – оқытушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Берекешев Ғалымжан Карибжанұлы – доцент (акад)
Негманова Паиза Казизовна – доцент (акад)
Ясонова Людмила Иннокентьевна – доцент (акад)
Рудковский Ян Станиславович – доцент, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Жунусова Ляззат Рахимжановна – аға-оқытушы, өнертану ғылымдарының магистрі
Тарасевич Павел Евгеньевич – аға-оқытушы
Чалова Оксана Викторовна – аға-оқытушы, өнертану ғылымдарының магистрі
Есдәулетова К.А. – аға-оқытушы, өнертану ғылымдарының магистрі
Жәлімбетов Манарбек Мәмбетұлы – оқытушы, өнертану ғылымдарының магистрі
Жаулшақова Самал Саматқызы – оқытушы, өнертану ғылымдарының магистрі
Жұмат А. – оқытушы, өнертану ғылымдарының магистрі
Нұрқасымов Болатбек Боранбайұлы – оқытушы, өнертану ғылымдарының магистрі
Сабиров Н.Ж. – оқытушы, өнертану ғылымдарының магистрі
Розинкин Алексей – аға-оқытушы
Қадірбеков Кемеңгер Манасбекұлы – оқытушы,өнертану ғылымдарының магистрі
Макеев Богдан Мугумович – оқытушы, өнертану ғылымдарының магистрі  
Тубажанова А.М. – оқытушы, өнертану ғылымдарының магистрі
Рахметов Т.Б. – оқытушы, өнертану ғылымдарының магистрі
Ермекова К.Б. – оқытушы, өнертану ғылымдарының магистрі
Әбдіберікұлы Б. – оқытушы, өнертану ғылымдарының магистрі
Әмзе М.Б. – оқытушы