Menu HELPDESK

Арт-менеджмент кафедрасы



Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Арт-менеджмент» кафедрасы — Қазақстандағы музыка индустриясы саласында мамандарды даярлаудағы жетекші кафедра болып табылады. Кафедра шығармашылық кеңістік пен өнер нарығын, бәсекеге қабілетті кадрлармен қамтамасыз ету үшін, заманауи технологиялар мен тәжірибелерге негізделген бірегей білім беру бағдарламаларын әзірлейді және жүзеге асырады.


Кафедра бакалавриат, магистратура және докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша мамандар дайындайды. Оқу процесі республиканың инновациялық концерттік-ойын-сауық ұйымдарымен және нысандарымен тығыз байланыста болуы, сондай-ақ отандық және шетелдік ғалым-практиктермен ынтымақтастығы, профессорлық-оқытушылық құрам мен білім алушыларға заманауи арт-нарықтың талаптарына сай, «толқында» қалуына мүмкіндік береді. Магистрлер мен философия докторларын (PhD) даярлау ғылыми-әдістемелік, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен басқару қызметі саласындағы арт-менеджерлерді кәсібилендіруге бағытталған.

Арт-менеджмент — экономика, менеджмент, маркетинг, өнертану, мәдениеттану саласындағы әртүрлі ғылымдар мен тәжірибелердің синтезі болып табылады. Сондықтан кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы үнемі біліктілігін арттырып, арт-нарық саласында сұранысқа ие болып отырған кең ауқымды мамандардан тұрады. Практикалық және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұштастыра отырып, олар өздерінің бай кәсіби тәжірибесін бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламасы бойынша білім алушылармен бөліседі.

Кафедраның қызметі көп сатылы кәсіптік бағытты қамтиды:

Кәсіптік бағдар беру жұмысы оқытушылардың кәсіби кеңестерімен қатар, ашық есік күндерін өткізу, қоғамдық жобалар, семинарлар, конференциялар және әлеуметтік желілердегі (Instagram, Telegram, YouTube) коммуникациялар арқылы талапкерлерге бағытталған;

Оқу жұмысы білім беру үдерісімен және әртүрлі тәжірибе түрлерімен, оның ішінде Консерваторияның концерттік іс-шараларын ұйымдастыру қызметімен ынтымақтастық арқылы байланысты. Студенттер қалалық, республикалық және халықаралық деңгейдегі түрлі іс-шараларға қатысады;

Ғылыми-зерттеу жұмысы барлық деңгейдегі білім алушылардың ЖОО стратегиясына (даму бағдарламасына) сәйкес республикалық және халықаралық маңызы бар конкурстар мен ғылыми жобалар — жарияланымдарға, дөңгелек үстелдер мен конференцияларға белсенді қатысуына бағытталған;

Практикалық-әдістемелік жұмыс – жұмыс берушілердің ұсынымдары бойынша ғылыми-зерттеу, концерттік-жобалау және қорытынды (дипломдық және диссертациялық) жұмыстарын орындау арқылы болашақ-білікті мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған.


ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ:

Кешубаева Динара Ермекқызы – кафедра меңгерушісі, аға оқытушы
Қалиев Сағатбек Сламбекұлы – өнертану кандидаты, аға оқытушы
Баймұхамбетова Гүлнара Ибрагимқызы – экономика ғылымдарының докторы, профессор
Мамбеков Евфрат Бағдатұлы – педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор
Жәнібекова Гаухар Қалданқызы – философия докторы (PhD), доцент
Малаева Раушан Аманбекқызы – экономика ғылымдарының кандидаты, доцент
Сахаман Айдын Жомартұлы – философия докторы (PhD), доцент
Кинашева Жадыра Болатқызы – экономика ғылымдарының кандидаты, доцент
Уразымбетов Дамир Дүйсенұлы –  өнертану кандидаты, доцент
Оспанова Айгерім Маратқызы – философия докторы (PhD), оқытушы
Идрисова Алина Игоревна – экономика ғылымдарының магистрі, оқытушы