Menu HELPDESK

Қобыз және баян кафедрасы



КАФЕДРА ТАРИХЫ

6B02104 – «Дәстүрлі музыка өнері», мамандырылуы «Халық аспаптары» (Прима қобыз, қыл қобыз, альт қобыз, бас қобыз, баян, аккордеон) мамандығының білім беру бағдарламасы 1945 жылдан бастап Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында іске асырылуда.

1945 жылдан бастап халық аспаптар кафедрасы ашылып, оның ұйымдастырушысы және бірінші меңгерушісі – қазақстандағы кәсіби музыка мектебінің негізін қалаушы академик, Қазақ КСР Халық артисі, профессор А.Қ. Жұбанов болды. Өзінің қалыптасуында кафедра дәрежесінен (1945) бастап факультет мәртебесіне (1980) дейінгі білім беру қызметінің даму сатыларын көрсететін бірнеше кезеңнен өтті. А.Жұбанов негізін қалаған кафедра 35 жыл бойы республиканың халық аспаптарында орындау саласындағы ғылыми-әдістемелік және мәдени орталығы бола отырып, домбыра, қобыз, баян, ұрмалы аспаптар, сондай-ақ оркестрге дирижерлік ету сияқты аспаптық мамандықтар бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асырды. Осы кезеңде «Дәстүрлі музыка өнері» мамандығын одан әрі дамыту жолдарын алдын-ала айқындаған көптеген атақты музыканттар мен педагогтар еңбек етті – Қ. Жантілеуов, Л. Мұхитов, Х.Тастанов, Қ. Мұхитов,   Мәскеу мен Санкт-Петербург қалаларынан шақыртылған профессорлар И. Лесман, Л. Эдельман, М. Легкунец, Б. Сарыбаев, Ж. Қаламбаев, Д. Мықтыбаев.

Халық аспаптар кафедрасын А. Жұбанов (1945-1947), Л. Хамиди (1947-1951); Л. Шаргародский (1951-1954), А. Жұбанов (1954-1961), Х. Тастанов (1961-1971), Ф. Балғаева (1971-1980) сынды тұлғалар басқарды.

1980 жылы консерваторияда халық аспаптар факультеті құрылады. Факультеттің алғашқы деканы болып Қаз КСР еңбек сіңірген артисі, профессор М. Кәленбаева ұзақ жылдар бойы қызмет атқарады. Сол жылдары Халық аспаптар факультетінің құрамына кіретін Қобыз және баян кафедрасы ашылады.

Консерваторияның алғашқы түлектерінің бірі – Қазақ КСР Халық артисі, профессор Ф. Балғаева кафедра меңгерушісі болып тағайындалды. Қызмет барысында Фатима Жұмағұлқызының жетекшілігімен кафедраның кадрлық әлеуеті қалыптасты, сонымен қатар, оқу үдерісі аясында жаңа оқу жұмыс бағдарламалары мен оқыту әдістемелері жүйеленіп, жетілдірді.

Қобыз және баян кафедрасын: ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор Д. Тұяқбаев (1988-2004), ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор Б. Қосбасаров (2004-2009), ҚР Мәдениет қайраткері, профессор З. Смакова (2009-2016), аға оқытушы, өнертану ғылымдарының магистрі А. Қарсақбаева (2016-2018), профессор Б. Қосбасаровтар (2018-2022) әр жылдары меңгеруші қызметін атқарды.

Қазіргі таңда кафедра меңгерушісі қызметін өнертану ғылымдарының магистрі А. Қарсақбаева атқарады. Кафедраның құрамында Қаз КСР еңбек сіңірген артисі, профессор М. Кәленбаева, ҚР Халық артисі, профессор Г. Молдакәрімова, ҚР Еңбек сіңірген артисі, профессор А. Гайсин, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор Б. Қосбасаров, ҚР Мәдениет қайраткері, профессор З. Смакова, ҚР Мәдениет қайраткері, профессор Ш. Рауандина, PhD докторы М. Медеубек, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары, өнертану ғылымдарының магистрлері, аға оқытушылар - С. Қожахметов, Б. Жүнісова, М. Керімбаев, Ә. Рақымжан, оқытушылар – Р. Оразғалиева, Ғ. Нарымбетов, Н. Шегебаева, Ф. Амантаева, С. Ақмолдаев, А. Аязбаева, Ж. Дүйсенбаева, А. Шұғай.

Қобыз және баян кафедрасы – ХХІ ғасырға рухани бай тәжірибесімен, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін баға жетпес ұлттық дәстүрлерімен және орасан зор шығармашылық әлеуетімен енген консерваторияның жетекші кафедраларының бірі. «Қобыз және баян» кафедрасы халық аспаптарында орындаушы (қыл қобыз, прима қобыз, альт қобыз, бас қобыз, баян, аккордеон) теңдесі жоқ өнер және мәдениет қайраткерлерін, дәстүрлі орындаушыларды тәрбиелеу ісіне зор үлес қосуды өзіне мақсат тұтады. 


Оқытушылар құрамы:

Қарсақбаева Айгерім Әлімжанқызы – кафедра меңгерушісі, ҚР мәдениет саласының үздігі, доцент

Ғабдрахимова Ғазиза Ғабдрахимқызы – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, аға оқытушы

Молдакәрімова Ғалия Әбіл-Әкімқызы – Қазақстанның халық әртісі, профессор

Гайсин Анатолий Мубаракзянович – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, профессор

Қосбасаров Базархан Әбуұлы – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор

Ақмолдаев Саян Досмухамбетұлы – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, оқытушы

Рауандина Шолпан Заданқызы – ҚР мәдениет қайраткері, профессор

Смакова Зәуре Нығметқызы – ҚР мәдениет қайраткері, профессор

Қожахметов Сұлтан Тайғараұлы – ҚР мәдениет саласының үздігі, аға оқытушы

Нарымбетов Ғалымжа Маратұлы – ҚР мәдениет саласының үздігі, аға оқытушы

Оразғалиева Рита Маратқызы – ҚР мәдениет саласының үздігі, оқытушы

Жакиянов Әділет Ихсанұлы – ҚР мәдениет саласының үздігі, оқытушы

Жүнісова Балжан Бекенқызы – өнертану ғылымдарының магистрі, аға оқытушы

Рақымжан Әсе Амалбекқызы – өнертану ғылымдарының магистрі, аға оқытушы

Масымханова Ақторғын Бекболатқызы – өнертану ғылымдарының магистрі, аға оқытушы

Тажибаева Ляйля Еркежанқызы – аға оқытушы

Шегебаева Назым Турсынбековна – өнертану ғылымдарының магистрі, оқытушы

Шұғай Айғаным Шұғайқызы – өнертану ғылымдарының магистрі, оқытушы

Амантаева Фариза Ерболатқызы – өнертану ғылымдарының магистрі, оқытушы

Ақажан Бағжол – өнертану ғылымдарының магистрі, оқытушы

Саргизова Гүлнұр Ғалымқызы – өнертану ғылымдарының магистрі, оқытушы

Жеңісова Тоғжан Жеңісқызы – өнертану ғылымдарының магистрі, оқытушы

Ишбеков Салауат Айдарбекұлы – өнертану ғылымдарының магистрі, оқытушы

Аязбаева Анар Исатайқызы – өнертану ғылымдарының магистрі, оқытушы