Әбдірахман Гүлнар Бақытқызы
Оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (727) 261 13 68
Өнертану ғылымының кандидаты, ЖАК доценты;
Қазақстандағы заманауи музыкалық мәдениет туралы үздік ғылыми жұмысы үшін «Сорос-Қазақстан» қоры грантының иегері, (2001).
1980–1984 ж.ж.Алматы қаласында орналасқан П.Чайковский атындағы музыкалық училищені «Музыка теориясы» мамандығы бойынша бітірген;
1984–1989 ж.ж. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын «Музыкатану» мамандығынан бітірген;
1989–1995 ж.ж. Құрманғазы атындағы Алматымемлекеттік консерваториясының ассистентура-стажировкасында оқыды;
1995 – 2003 ж.ж. Құрманғазы атындағы АМК-ның оқытушысы, аға оқытушысы, Құрманғазы атындағы АМК қазақ музыкасы мен фольклоры кафедрасының доценті;
2000 - 2003 ж.ж. Тарихи-теориялық және фортепиано факультетінің деканы мен консерваторияның ОӘБ бастығы лауазымында болды;
2003 - 2008 жж. ҚР СІМ бойынша Румыния, Чехияда іс-сапарда болды (дипломаттың жұбайы ретінде);
2009 – 2018 жж. Қазақ ұлттық өнер университетінің «Музыка тарихы» кафедрасының доценті, әдістемелік бөлімнің бастығы, оқу мен әдістемелік жұмыс бойынша проректор, «Музыкатану және композиция» кафедрасының доценті. 2018 жылғы маусымда кафедра ҚазҰӨУ профессоры лауазымына ұсынған болатын.
2018 жылдың шілде айынан бастап Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында оқу және оқу-әдістемелік ісі жөніндегі проректор.