Консерватория жаңалықтары


2024 жылы 3 желтоқсанда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында конференц-залда шетелдік ғалым — өнертану докторы, П. И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының музыка теориясы кафедрасының профессоры, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері Марина Карасёва, өзінің «Метафоралар мен синестезия музыканы және басқа өнерді шығармашылық оқытудың катализаторы ретінде» атты мастер-классын береді.




Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының, Халықаралық бөлімі академиялық ұтқырлық туралы ереже негізінде, арт-менеджмент кафедрасының екінші және үшінші курс студенттері арасында, республикалық бюджет қаражаты есебінен академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға конкурс жариялайды. Оқыту 2024–2025 оқу жылының II семестрінде, серіктес ЖОО Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясында (Мәскеу) өтеді. Барлығы 2 гранттық орын беріледі. Консерватория студентке ұшу ақысын, 120 күн тұру ақысын және медициналық сақтандыруды төлейді. Егер студент сессияны сәтті тапсырса, стипендия сақталады.