Консерватория жаңалықтары

2023 жылдың 22 қарашасында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқу залында Қазақстандық белгілі ақын, кинорежиссер, сценарист, либреттист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Қайырбековпен «Күзгі диалог» тақырыбында шығармашылық кездесу өтті.




2023 жылдың 20 қарашасында консерваторияның Ғ.Жұбанова атындағы Камералық залында жыр дүлділі Мұрат Мөңкеұлының туғанына 180 жыл толуына арналған «Үш қиян» атты Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты, «Халық әні» кафедрасының доценті Сәуле Жанпейісованың сыныптық концерті өтті.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында төрт күнге созылған VI Халықаралық камералық музыка фестивалі өз мәресіне жетті. 14-17 қараша аралығында Е.Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залының сахнасында Барокко дәуірінен қазіргі заманға дейінгі түрлі стильдегі және жанрдағы әлемдік камералық музыканың жауһарлары орындалды.


2023 жылдың 17 қарашасында консерваторияның А.Жұбанов атындағы концерт залында "Халық әні" кафедрасының доценті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Ардақ Исатаева мен "Халық әні" кафедрасының доценті, PhD, Мәдениет саласының үздігі, әнші Амангелді Күзеубайдың "Әуелетіп ән салсам" атты класс концерті өтті.

2023 жылдың 16 қарашасында консерваторияның Е.Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында VI Халықаралық Камералық музыка фестивалі аясында «Piano JAZZ» концерті өтті.