Menu HELPDESK

БЕЙІНДІК МАГИСТРАТУРА

Құрманғазы ат.Қазақ ұлттық консерваториясы 2024-2025 оқу жылына бейіндік магистратураға (оқу мерзімі – 1 жыл) келесі білім беру бағдарламалары бойынша қабылдауды жариялайды:
1. 7М02153 – Вокалдық өнер
2. 7М02155 – Дирижерлеу
3. 7М02163 – Арт-менеджмент
4. 7М02154 – Дәстүрлі музыкалық өнер
5. 7М02152 – Аспаптық орындаушылық

Қабылдау емтихандары екі кезеңнен тұрады:

1. Мамандық бойынша емтиханды және рефератты қорғауды қамтитын шығармашылық емтихан;
2. Оқуға дайындықты кешенді тестілеу.

Шығармашылық емтихандарға құжаттарды қабылдау 2024 жылғы 1 маусымнан 8 шілдеге дейін мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Абылай хан даңғылы, 86, «Б» корпусы, 108-кабинет, 2-қабат, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі.

Жұмыс уақыты:

дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін;
сенбі және жексенбі – демалыс күндері.

Кешенді тестілеуге тіркелу 2024 жылғы 1 маусым мен 8 шілде аралығында Ұлттық тестілеу орталығының сайтында өтеді.

Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша бейінді магистратураға түсетін адамдар КТ тапсырмайды.

Шығармашылық емтихандардың өтетін уақыты:

мамандығы бойынша - 2024 жылғы 17 шілде;
рефератты қорғау бойынша - 2024 жылғы 18/19 шілде.

Қабылдау 2024 жылдың 28 тамызына дейін.

Бейіндік магистратурада оқу құны: 1 190 000 теңге.

ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНДАРЫНЫҢ КЕСТЕСІ 2024-2025
БІРІНШІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН НӘТИЖЕЛЕРІ 2024-2025
ЕКІНШІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН НӘТИЖЕЛЕРІ 2024-2025

МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ТҮСУ ЕМТИХАНДАРЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ:
7М02155 – Дирижерлеу
7М02163 – Арт-менеджмент
7М02154 – Дәстүрлі музыкалық өнер (Қобыз-баян)
7М02154 – Дәстүрлі музыкалық өнер (Домбыра)
7М02152 – Аспаптық орындаушылық  (Үрмелі және ұрмалы аспаптар)
7М02152 – Аспаптық орындаушылық (Ішекті аспаптар)
7M02152 – Аспаптық орындаушылық (Фортепиано)
7M02152 – Аспаптық орындаушылық (Орган)
7М02154 –Дәстүрлі музыкалық өнер (Халық әні)