Menu HELPDESK

Консерватория жаңалықтары

«ҚЫЛ ҚОБЫЗ», «АЛЬТ ҚОБЫЗ ЖӘНЕ БАС ҚОБЫЗ», «ПРИМА ҚОБЫЗ», «БАЯН ЖӘНЕ АККОРДЕОН» НОМИНАЦИЯЛАРЫ БОЙЫНША ХVІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КІШІ ОЛИМПИАДАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
«ҚЫЛ ҚОБЫЗ», «АЛЬТ ҚОБЫЗ ЖӘНЕ БАС ҚОБЫЗ», «ПРИМА ҚОБЫЗ», «БАЯН ЖӘНЕ АККОРДЕОН» НОМИНАЦИЯЛАРЫ БОЙЫНША ХVІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КІШІ ОЛИМПИАДАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
2025  жылдың 31 наурызында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Халық музыкасы факультеті, «Қобыз және баян» кафедрасының ұйымдастырылуымен музыкалық колледждер мен мамандандырылған мектептердің білім алушылары арасындағы «Қыл қобыз», «Альт қобыз және бас қобыз», «Прима қобыз», «Баян және аккордеон» номинациялары бойынша ХVІІ Республикалық кіші олимпиада өз мәресіне жетті. Комиссия құрамы консерватория ректорының 2025 жылғы «03» наурыздағы №46-П бұйрығымен бекітілді.
3 сәуір 2025
Эльдар Сапараевтың шеберлік сағаттары
Эльдар Сапараевтың шеберлік сағаттары
2 және 3 сәуір күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Үлкен концерт залында әлемдік деңгейдегі виолончелист әрі дирижер Эльдар Сапараевтың шеберлік сағаттары өтті.<br>
2 сәуір 2025
2 сәуірінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Халық музыкасы факультеті «Көне музыкалық аспаптар» кафедрасының ХVІI Республикалық студенттік пәндік кіші Олимпиадасы Ғазиза Жұбанова атындағы камералық залда өтті
2 сәуірінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Халық музыкасы факультеті «Көне музыкалық аспаптар» кафедрасының ХVІI Республикалық студенттік пәндік кіші Олимпиадасы Ғазиза Жұбанова атындағы камералық залда өтті
2025 жылдың 2 сәуірінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Халық музыкасы факультеті «Көне музыкалық аспаптар» кафедрасының ХVІI Республикалық студенттік пәндік кіші Олимпиадасы Ғазиза Жұбанова атындағы камералық залда өтті. Олимпиада 4 номинация бойынша өткізілді, олар: үш ішекті аспаптар бойынша – домбыра прима; шертер, домбыра бас; фольклорлық аспаптар бойынша 2 номинация: сазсырнай; жетіген, сыбызғы номинацияларына бөлінді.
2 сәуір 2025
«Жыршылар» аталымы бойынша
 «Жыршылар» аталымы бойынша
2025 жылдың 2 сәуірінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында ХVІI Республикалық студенттік пәндік кіші Олимпиадасы аясында «Халық музыкасы» факультетінің ұйымдастыруымен өтіп, «Жыршылар» аталымы бойынша конкурс өтті. Бұл номинация бойынша «Халық әні» кафедрасының доценті, PhD Аманкелді Күзеубай, оқытушы Аққалқа Ахметова және «Халық әні» кафедрасының аға оқытушылары, ҚР мәдениет саласының үздіктері – Тілеулес Құрманғалиев, Армат Исламғалиев, Күнқожа Қайрулла қазылық етті.
2 сәуір 2025
«Халық әні» аталымы бойынша
«Халық әні» аталымы бойынша
2025 жылдың 2 сәуірінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында ХVІI Республикалық студенттік пәндік кіші Олимпиадасы аясында «Халық музыкасы» факультетінің ұйымдастыруымен  «Халық әні» аталымы бойынша конкурс өтті. Олимпиадаға  профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Е.Шүкіманов, профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері А. Қосанова, «Халық әні» кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушы В.Қаржаубаева төрелік етті. Астана, Шымкент, Алматы, Семей, Жезқазған, Ақтау, Орал, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Ақтөбе қалаларындағы музыка және өнер колледждерінен Н. Іздашова, Д.Тұрсынғазы, Т. Бақдәулет, Д.Тасмағанбетова, Р.Төлеубай, Ш.Сейтахмет, Ә.Сейтқазы, А.Санбаев, Е.Өміржан, І.Нүптеке, А. Медетхан, Н.Мәдібек, Ү.Қыбырай, Д.Қуаныш,  Т.Қынтаева, С. Кенжебай, А.Касимова, А. Калмен, Д.Кабиденов, Ш.Зайкен, Ұ. Жаннатова, Н.Жайықов, Ә.Жеңіс, А.Ермұратұлы, Р.Ғазизов, А.Бөлтекова, Т.Әлдібай, Т.Аманжол, Н.Асқарқызы, С.Абсамат, Ш.Асығатұлы, Н.Абылайұлы сияқты 32 студент қатысып, бақ сынады.
2 сәуір 2025
«ДОМБЫРА» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША ХVІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КІШІ ОЛИМПИАДАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
«ДОМБЫРА» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША ХVІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КІШІ ОЛИМПИАДАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
2025  жылдың 1 сәуірінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Халық музыкасы факультеті, «Домбыра» кафедрасының ұйымдастырылуымен музыкалық колледждер мен мамандандырылған мектептердің білім алушылары арасындағы «Домбыра»» номинациясы бойынша ХVІІ Республикалық кіші олимпиада өз мәресіне жетті.
1 сәуір 2025
1-2 курс студенттері арасында академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу бойынша байқау
1-2 курс студенттері арасында академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу бойынша байқау

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық бөлімі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы студенттері, оқытушыларі және әкімшілік қызметкерлері үшін академиялық мобильділікті ұйымдастыру және жүзеге асыру ережелеріне сәйкес, республикалық бюджет есебінен академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін екінші курс студенттері арасында байқауын жариялайды. Білім алу 2025–2026 оқу жылының 1 семестр бойы серіктес жоғары оқу орындары — Саратов мемлекеттік консерваториясы (Саратов, Ресей), Өзбекстанның Мемлекеттік консерваториясы (Ташкент, Өзбекстан) және Гонконг баптистік университетінің Музыка академиясында (Гонконг, Қытай) өтеді. Әр оқу орнына 2 грант беріледі (барлығы 6 грант). Консерватория студенттің ұшақ билетін, 120 күндік түрғын жайын және медициналық сақтандыруын төлейді. Сондай-ақ, студент сессияны сәтті тапсырған жағдайда, шәкіртақысы сақталады.




 


31 наурыз 2025
Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай студенттер арасында үстел теннисінен жарыс өтті
Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай студенттер арасында үстел теннисінен жарыс өтті
Жазушы, Ұлы Отан соғысына қатысушы, Кеңес одағының батыры, “Халық қаhарманы” орденінің иегері Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл болуына байланысты Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерватория студенттері арасында стол теннисінен жарыс өткізілді
29 наурыз 2025