Menu HELPDESK

Консерватория жаңалықтары

«Өнер мен өмірдегі қолтаңба» атты кураторлық сағат өтті
«Өнер мен өмірдегі қолтаңба» атты кураторлық сағат өтті

2024 жылдың 28 ақпанында консерваторияның А.Жұбанов атындағы концерт залында кураторлық сағат аясында Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, Өнертану ғылымдарының магистрі, композитор, Нұрқасымов Болатбек Боранбайұлымен кездесу өтті.

28 ақпан 2024
«Вокалдық музыка» кеші өтті
«Вокалдық музыка» кеші өтті

2024 жылдың 27 ақпанында Ғ.Жұбанова атындағы камералық залда Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдық мерейтойына арналған «Вокалдық музыка» кеші өтті.

27 ақпан 2024
Сауыт Жандостың «Пассакалия» атты жеке шығармашылық кеші өтті
Сауыт Жандостың «Пассакалия» атты жеке шығармашылық кеші өтті
2024 жылдың 27 ақпанында А.Жұбанов атындағы концерттік залда Республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты, Құрманғазы конкурсының 1 орын иегері, «Қобыз және баян» кафедрасының 4-курс студенті Сауыт Жандостың «Пассакалия» атты жеке шығармашылық кеші өтті.
27 ақпан 2024
Almaty Tourism Bureau өкілдерімен кездесу
Almaty Tourism Bureau өкілдерімен кездесу
2024 жылғы 21 ақпанда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы қабырғасында ЖОО әкімшілігінің ұйымдастыруымен Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Almaty Tourism Bureau өкілдері: MICE туризм департаментінің басшысы Айнұр Төрежанова және MICE туризм халықаралық департаментінің бас менеджері Лейла Ашимовамен арнайы кездесу өтті. Кездесуді ғылыми-шығармашылық қызмет және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ғалия Бегембетова, халықаралық бөлімнің басшысы Дамир Оразымбетов және халықаралық бөлімнің аға менеджері Серғазы Ерғазы өткізді.

27 ақпан 2024
Өзбек консерваториясы Нүкіс филиалының делегациясымен кездесу өтті
Өзбек консерваториясы Нүкіс филиалының делегациясымен кездесу өтті
2024 жылғы 27 ақпанда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына серіктес-ЖОО — Өзбекстан мемлекеттік консерваториясының Нүкіс филиалынан (Нүкіс қаласы, Қарақалпақстан, Өзбекстан) екі күндік іссапармен арнайы делегация келді. Делегация құрамында филиал директоры Рудакий Алланбаев пен доцент Полат Тыныбаевтар болды.
27 ақпан 2024
«Абай - толық адам, ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек - ән концепциясы» атты шеберлік сабағы өтті
«Абай - толық адам, ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек - ән концепциясы» атты шеберлік сабағы өтті

2024 жылдың 26 ақпанында А.Жұбанов атындағы концерттік залда Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдық мерейтойына орай Қазақстанның халық әртісі, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КЕАҚ Торайғыров университетінің профессоры, Құрманғазы атындағы ҚҰК құрметті профессоры Әбіл Шахимардан Қайдарұлының «Абай - толық адам, ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек - ән концепциясы» атты шеберлік сабағы өтті.

 

26 ақпан 2024
«Сәкен» операсы көрерменге жол тартты
«Сәкен» операсы көрерменге жол тартты
2024 жылдың 26 ақпанында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А.Жұбанов атындағы концерт залында драматург Қанат Жүнісовтің либреттосына жазылған композитор Әліби Абдинуровтың жаңа туындысы «Сәкен» операсы көрерменге жол тартты. 
26 ақпан 2024
«Ансамбль өнері» кафедрасы ұстаздарының концерті өтті
«Ансамбль өнері»  кафедрасы ұстаздарының концерті өтті

2024 жылдың 26 ақпанында Е.Рахмадиев атындағы концерттік залда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына арналған «Ансамбль өнері» кафедрасы ұстаздарының концерті өтті.

26 ақпан 2024
Поляк дирижері Станислав Кравчинскийдің консерваториядағы шығармашылық күндері аяқталды
Поляк дирижері Станислав Кравчинскийдің консерваториядағы шығармашылық күндері аяқталды
2024 жылғы 19-23 ақпан аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Эрасмус+ академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Қазақстанға келген поляк дирижері, Краковтағы Кшиштоф Пендерецкий атындағы Музыка академиясының профессоры, доктор (hability) Станислав Кравчинскимен шығармашылық кездесулер, дәрістер мен шеберлік сыныптары өтті.
24 ақпан 2024