Menu HELPDESK

Консерватория жаңалықтары

«Авторлық құқық объектілерін құқықтық қорғау» вебинары
«Авторлық құқық объектілерін құқықтық қорғау» вебинары
2022 жылдың 4 қазанында сағат 16:00-де Ұлттық зияткерлік меншік институты Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы білім берудің барлық деңгейлерінің оқытушылары мен студенттеріне арналған «Авторлық құқық объектілерін құқықтық қорғау» тақырыбында вебинарлар топтамасын өткізеді.
3 қазан 2022
«ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ – 2022»
«ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ – 2022»
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы 2022-2023 оқу жылына арналған «ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ – 2022» байқауын жариялайды
3 қазан 2022
Алматыда «Баритондар шеруі» атты III ашық Халықаралық опера байқауы басталды
Алматыда «Баритондар шеруі» атты III ашық Халықаралық опера байқауы басталды
2022 жылғы 1 қазан күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Е. Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында Мәдениет және спорт министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Халық артисі, аса құрметті де қадірлі профессор Ғафиз Қадырұлы Есімовтің «Баритондар шеруі» атты III ашық Халықаралық опера байқауы басталды. Өнер сайысының ашылу салтанатының кіріспе сөзі консерватория ректоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Ұйымдастыру комитетінің төрағасы Арман Әділханұлы Жүдебаевқа берілді. Ал мерейтой иесі өнер бәсекесі басталар алдындағы өзінің жүрекжарды лебізін жеткізді.
1 қазан 2022
«Бірінші курстың кубогы» атты алғашқы сайыс
«Бірінші курстың кубогы» атты алғашқы сайыс
2022 жылдың 30 қыркүйегінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы жатақханасының спорт алаңында «Спорт – денсаулық кепілі» деген ұранмен, түрлі мамандықтың 1 курс студенттері арасында «Бірінші курстың кубогы» негізінде, футболдан және арқан тартудан жарыс өтті. Сайыстың жиынын консерваторияның Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Мұхамбет Ешмұханов ашып берді. Бұдан кейін көп созбаққа салынбай, жеребе тасталып, командалар анықталған рет бойынша ойындарын бастап кетті.
30 қыркүйек 2022
Консерваторияда Ғ.Жұбанованың 95 жылдығына арналған Республикалық композиторлар конкурсы өтпек
Консерваторияда Ғ.Жұбанованың 95 жылдығына арналған Республикалық композиторлар конкурсы өтпек
2022 жылдың 11 қарашасы мен 7 желтоқсаны аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Ғазиза Ахметқызы Жұбанованың 95 жылдығына орай Республикалық композиторлар байқауын өткізгелі отыр.
29 қыркүйек 2022
Консерваторияда М.Әуезовтің 125 жылдығына арналған шара өтті
Консерваторияда М.Әуезовтің 125 жылдығына арналған шара өтті
2022 жылғы қыркүйектің 28 күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының кіші залында Консерватория факультеттері командаларының арасында Қазақстан Республикасы тілдері мерекесіне орай, заңғар жазушымыз Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына арналған «Мұхтар жолы» атты сайыс өтті. Әр факультеттің студенттерінен құралған төрт топ арасында өткен сайысты Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының Тілдер секциясы ұйымдастырды.
28 қыркүйек 2022
«Халық әні» кафедрасының құрылғанына 35 жыл толуына орай Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді
«Халық әні» кафедрасының құрылғанына 35 жыл толуына орай Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді
2022 жылдың желтоқсан айының 1-2 жұлдызында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясындағы «Халық музыкасы» факультетіне қарасты «Халық әні» кафедрасының құрылғанына 35 жыл толуына орай «ХХІ ғасырдағы түркі халықтарының ұлттық орындаушылық өнері: зерттеу және білім беру мәселесі» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтпек.
28 қыркүйек 2022
Бейресми білім беру
Бейресми білім беру
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясындағы бейресми білім беру – ол:
-  Қосымша білім беру бағдарламасы бойынша балаларды музыкаға үйрету;
-  Ересектерді музыкалық аспаптарда ойнауға үйрету;
-  «Вокалдық өнер», «Аспаптық орындаушылық», «Дәстүрлі музыкалық өнер», «Дирижерлеу», «Музыкатану», «Композиция», «Арт-менеджмент» білім беру бағдарламалары бойынша кәсіби музыканттардың біліктілігін арттыру.
27 қыркүйек 2022
«Күміс білім беру»
«Күміс білім беру»
Қоғамдық бағыттың жаңа талаптарының бірі –  «Күміс білім беру».
Жалпы «Күміс білім беру» дегеніміз – өмір бойы білім алу мүмкіндігі, арнайы ұйымдастырылған түрлі шығармашылық қызмет түрлері жағдайында тұлғаның үнемі жан-жақты үйлесімді дамуы.
27 қыркүйек 2022