Консерватория жаңалықтары


«Музыкалық білім беру және психология» кафедрасының профессоры, өнертану профессоры (ҚР БҒМ БҒСБК), педагогика ғылымдарының кандидаты (PhD), академик ХПБҒА (Ресей), ҚР БҒМ ЖОО Үздік оқытушысы (2006 және 2012 жж.) Қалиақбарова Ләйлә Төкенқызы «Қазақстанның үздік педагогы-2023» Республикалық кәсіби шеберлік конкурсында жеңіске жетіп, 1-ші орынға ие болды.

Ғылыми-ақпараттық кітапхана қызметі көрнекті кеңес музыкатанушысы, өнертану кандидаты, профессор, Қазақ КСР-нің белгілі педагогы және мәдениет қайраткері, Қазақстан халықтарының музыка тарихы бойынша көптеген жарияланымдардың авторы, Алматы консерваториясының музыка тарихы кафедрасының меңгерушісі (1954-1979) Петр Васильевич Аравинның туғанына 115 жыл толуына арналған – «МУЗЫКАСЫ ЗЕРТЕУШІ - ПЁТР АРАВИН» атты виртуалды кітап көрмесін дайындады.

14 маусымда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Әзірбайжан Республикасы Милли Мәжілісінің депутаты, Әзірбайжан Мәдениет комитетінің төрағасы, профессор, философия докторы Ганира Пашаева қонақта болды.

2023 жылдың 29 мамыры мен 7 маусымы аралығында Павлодар және Астана қалаларында ЮНЕСКО демеушілігімен «The Planet of ART 2023 — Жүрегіміз бірлікпен үндессін» V Халықаралық жастар фестивалінің музыкалық циклінің ауқымды Гала-концерттері өтті.



Ғылыми-ақпараттық кітапхана қызметі көрнекті композитор, КСРО және Қазақстан Республикасының халық артисі, профессор Құддыс Қожамиярұлы Қожамияровтың туғанына 105 жыл толуына арналған – «ҚҰДДЫС ҚОЖАМИЯРОВ – УАҚЫТ ЖӘНЕ МУЗЫКА» атты виртуалды кітап көрмесін дайындады.

2023 жылдың 23 мамырында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А.Жұбанов атындағы концерттік залында «Вокалдың өнер» мамандығының 2-курс студенттерінің есеп беру концерті өтті.