Консерватория жаңалықтары

"Арнайы фортепиано" мамандығының 3-курс студенті Рахимов Рашид (ҚР Халық артисі, профессор Қадырбекова Гүлжамиля Ихсанқызы сыныбы) V халықаралық "Eurasian Stars" пианистер байқауының дипломанты атанды.

Консерваторияда студенттер арасында 9 мамыр жеңіс күніне арналған «Спорт денсаулық кепілі» атты футболдан III факультетаралық жарыс өтті.


2023 жылдың 10 мамырында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А.Жұбанов атындағы концерт залында Г.Е. Үзенбаева сыныбы студенттерінің концерті өтті.

10 мамыр күні консерваторияның Шопен атындағы Камералық залында халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Ақихат Ләззаттың «Дәстүр ізімен» атты жеке концерті болып өтті.



Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының"Ішекті аспаптар" мамандығында оқитын 1-курс студенті Мадина Асхат (альт) Парижде өткен А. Глазунов атындағы XII Халықаралық байқауда 1 орынды иеленіп, лауреат атанды. Ұстазы - доцент Н.Е. Сағымбаев.

2023 жылдың 10 мамырында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Е.Рахмадиев атындағы үлкен концерт залында "Ер есімі ел есінде" атты кураторлық сағат өтті. Бұл жолы кураторлық сағат ауған соғысының ардагерлерімен сыр-сұхбат форматында өтті. Жиынды консерваторияның тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Мұхамбет Ашхатұлы бастап, сыйлы қонақтарды таныстырды.