Консерватория жаңалықтары

2023 жылғы 16 мамыр күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында талапкерлерді консерваторияда білім алудың түрлі бағыттары бойынша қабылданудағы ақпараттармен, сондай-ақ, білім беру бағдарламаларымен таныстыру мақсатында «Вокал, дирижерлік және музыкалық білім беру» факультетінің онлайн «Ашық есік күні» тікелей эфирі өтті.

2023 жылдың 16 мамырында кәсіптік-бағдар беру іс-шаралары аясында «Аспаптық орындаушылық» факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы арнаулы орта білім беру мекемелері мен мамандандырылған музыкалық мектеп түлектеріне, сондай-ақ, болашақ магистранттар мен доктаранттарға Ашық есік күнін өткізді.


2023 жылдың 15 мамырында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Музыкатану, Арт-менеджмент және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» факультетінің Ашық есік күндері тікелей эфир форматында Инстаграм және Фейсбук әлеуметтік желі парақшаларына өтті.


Құрметті оқытушылар, докторанттар, магистранттар және студенттер!
2023 жылдың 15 мамыры мен 15 маусымы аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «БИБЛИОРОССИКА» электрондық-кітапханалық жүйесіне тегін сынақ қолжетімділігі мүмкіндігін алды. http://www.bibliorossica.com

2023 жылдың 12 мамырында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Е. Рахмадиев атындағы үлкен концерт залында «Халық әні» кафедрасының ұстаздарның Ақан сері Қораамсаұлының 180 жылдығына арнаған «Майдақоңыр» атты концерті өтті.
2023 жылдың 12-13 мамыр күндері Өзбекстанның Ұлттық консерваториясында Үрмелі оркестр мен Ансамбльдердің «Damli sozlar navosi» І Халықаралық конкурс-фестивалі болып өтті. Осы шара аясында «Үрмелі және ұрмалы аспаптарды ойнаудың орындаушылық проблемалары» Халықаралық тәжірибелік конференциясы да өз жұмысын жалғастырды.