«Рух-Санат» дүниежүзілік фестивалі өтті
4 тамыз 2025

2025 жылғы 1–3 тамыз аралығында Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың қолдауымен ұйымдастырылған «Рух-Санат» дүниежүзілік фестивалі өтті.
Фестиваль аясындағы жарқын шаралардың бірі — 35 елден келген қатысушыларды біріктірген халық аспаптарында орындаушылар байқауы болды!
Бұл беделді байқауда Қазақстан намысын Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы Алмагүл Қалыбекқызы Қонысбаева жетекшілік ететін «Tengri Saz» халық ансамблі абыроймен қорғады. Көркемдік жетекші – Сарғызова Гүлнұр Ғалымқызы.
Ансамбль тек өнер көрсетіп қана қоймай, Бірінші дәрежелі лауреат атанды!
Талантты өнерпаздарымызды мақтан тұтамыз және «Tengri Saz» ансамбліне шығармашылық табыс пен жарқын жеңістер тілейміз!
Қабылдау 2025