Арт-менеджмент
5В042300 – Арт-менеджмент
Берілген мамандыққа талапкерлердің алдыңғы білім деңгейі болып есептеледі:
1. Орта білім туралы аттестат (11 сынып) және Музыкалық Мектеп аттестаты;
2. Өнер саласының түрлері бойынша орта мамандандырылған білім (көркем сурет, театралдық, музыкалық, хореографиялық және т.б.);
3. «Менеджмент» мамандығы бойынша орта мамандандырылған білім.
Талапкердің қолында жалпы орта (толық) білім немесе жоғары білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжат болуы қажет.
Консерваторияға түсу кезінде бастапқы немесе орта мамандандырылған музыкалық білімі бар тұлғалардың артықшылықтары болады.
І. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН – ЖОБА ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ.
Жобаны қорғау талапкердің емтихан комиссиясының алдында әлеуетін, шығармашылық және ұйымдастырушылық мүмкіндіктерін көрсетуге жол ашады.
Талапкер мәдениет саласында келесі бөлімдерден құралған жоба ұсынуы қажет:
1.талапкер туралы автобиографиялық мәліметтер;
2.талапкердің жетістіктері туралы құжаттық портфолио (дипломдар мен мақтау қағаздарының көшірмелерін қоса тіркеу);
3.жоба сипаттамасы (3 беттен кем емес);
4.таныстырылым (электронды және көшірмеден шығартылған түрлерін ұсыну).
Барлық құжаттар файлдары бар папкаға жинақталуы тиіс.
Жобаның негізгі бетінде талапкер туралы жеке ақпарат, құжаттың толтырылу мезгілі мен мерзімі көрсетілуі қажет.
Келесі бетке «өзін-өзі суреттеу» парағы салынады. Бұл бетте тек автобиоргафиялық мәліметтер ғана көрсетілмей, міндетті түрде жеке мінездеме беріледі.
Келесі бөлім – жеке және оқу кезіндегі барлық жетістіктер жинақталған құжаттық портфолио. Олимпиадалар немесе байқауларда жеткен жетістіктеріңіз көрсетілген дипломдарыңыз болса, оларды осында тіркеу қажет.
Келесі бөлімде ұсынылатын жобаның сипаттамасы беріледі. (3 беттен артық емес, 14-ші шрифт Times New Roman). Мұнда талапкер ұсынған тақырыптың мәнін барынша толық ашуы қажет.
Қорытынды бөлім – ұсынылатын жобаның таныстырылымы.
ІІ. ТҮСУ ЕМТИХАНДАРЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ – КОЛЛОКВИУМ.
Емтихан-коллоквиум талапкерлердің дамуының жалпы мәдени деңгейін, олардың әлеуметтік-мәдени қызметке деген бейімділілігі мен бағдарлануын, адамдармен қарым-қатынасты дұрыс орната білуін анықтайды.
Коллоквиум мақсаты:
1. Қысқа уақытта талапкердің эстетикалық көзқарастарымен, мәдени деңгейімен, дүниетанымдық көзқарастарымен танысуға мүмкіндік береді;
2. Өнер саласында бағдарлана білуін айқындайды;
3. Қазіргі халықаралық және қоғам өмірінде (мәселелер) бағдарлана білуін айқындайды;
4. Талапкердің материалдарды түсіну және зердесіне жету деңгейінің тереңдігін айқындайды;
5. Талапкердің логикалық ойлау және эрудиция деңгейін анықтайды;
6. Маңызды мәселені белгілей білуін анықтау; дәлелділік; айқындылық; нақтылық; екпін; интонация;
7. Тілдесімнің бейвербалды құралдарын пайдалана білуін анықтау (ишарат, мимика, интонациялар);
8. Өзінің кәсіби таңдауын дәлелдей білуін анықтау.
Көрсетілген тармақтар талапкерлердің өнер және мәдениет ұйымдарындағы көшбасшы, реформашы рөлдеріне дайындығын; олардың стратегиялық ойлауының дамуын, кәсіпкерлік дағдыларын, инновацияларға деген қабілеттерін; бизнес және менеджмент салаларындағы білімдерін өнер және мәдениеттің кешенді кәсіби мәселелерінде пайдалана білуін; үздіксіз білім алу және жекелік дамуын көрсетеді.
ІІІ. ТАЛАПКЕРДІ КЕШЕНДІК ТЕСТІЛЕУ.
Тестілеу кезеңіне өткен талапкерлерге фотосуреті бар арнайы рұқсатнама беріледі. Тестілеу келесі пәндер бойынша өткізіледі:
1. Қазақстан тарихы
2. Талапкердің өз таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілдері.