Вокалдық өнер
5В040300 – ВОКАЛ ЖӘНЕ ДИРИЖЕРЛЕУ
«ВОКАЛДЫҚ ӨНЕР» МАМАНДЫҒЫ
І. МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН
Бағдарламаны орындау:
1. 16-18 ғғ. композиторларының көне ариясы
2. Классикалық орыс немесе батыс-еуропа романсы
3. Қазақ халық әні
Бағалау критерийлері:
33-40 баллдық баға:
Талапкер жоғары вокалдық қабілет көрсетуі керек, орындаушылық шеберлік, стильді және музыканы сезінуі, орындаушылық интонация мәдениеті де жоғары.
24-32 баллдық баға:
Талапкердің әнді түсініп орындауы, мәтінінің дұрыс болуы, стилистикалық қалпы сақталған. Бірақ техникалық еркіндігі жоқ, әнді құбылтуы және орындау деңгейі ерекше емес.
15-23 баллдық баға:
Стилистиканы түсінуі төмен және шығарманың мазмұнын түсінбейді, музыкалық интонацияның әдістерін жеткіліксіз деңгейде білуі (интонация, естуі, фразировка, ырғақ).
1-14 баллдық баға:
Өз-өзін ұстауы, игеруі, ырғақты сезінуі жоқтың қасы, музыканы әсерлеудің көркемдік және техникалық тәсілдерін білмеу, шығармашылық бағдарламасының деңгейі сәйкес келмеу.
ІІ. МУЗЫКАЛЫҚ-ТЕОРИЯЛЫҚ ПӘНДЕР БОЙЫНША ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН
Элементарлық музыка теориясы – ауызша билет бойынша (аккордтар тізбегін ойнау, номерді талдау).
Сольфеджио – жазбаша (бір дауысты диктант).
ІІІ. ТАЛАПКЕРДІҢ КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУ
Кешенді тестілеуге қатысу үшін талапкер Құрманғазы атындағы ҚҰК-ның қабылдау комиссиясына қажетті үлгідегі өтінішін жазып, тестілеуден өту үшін жарғысы төленген түбіртегін өткізу керек. Тестілеуге жіберілген адамға фотосуреті бар арнайы рұқсат қағазы беріледі. Тестілеу мына пәндер бойынша өтеді:
1. Қазақстан тарихы
2. Оқу сауаттылығы (тіл таңдау еркі талапкерде)