Menu HELPDESK

Консерватория жаңалықтары

Шеберлік сыныптарын өткізіп қайтты
Шеберлік сыныптарын өткізіп қайтты
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Дирижирлеу» кафедрасының аға оқытушысы, «Музыкалық білім және психология» кафедрасының меңгерушісі, өнертану ғылымдарының магистрі Камила Әбдуәліқызы Есдәулетова мен «Халық әні» кафедрасының оқытушысы, Өнертану ғылымдарының магистрі Қаламқас Махмұтбекқызы Қадырбаева 2023 жылдың 30 қаңтары мен 3 ақпаны күндері аралығында Павлодар облысы, Екібастұз қаласындағы «Естай атындағы балалар музыка мектебі» КМҚК-де «Хор және Вокал» бойынша шеберлік сыныптарын өткізіп қайтты. 
6 ақпан 2023
Консерватория EBSCO-ның Music Index with Full Text ресурсына лицензиялық қолжетімділік туралы шартқа отырды
Консерватория EBSCO-ның  Music Index with Full Text ресурсына лицензиялық қолжетімділік туралы шартқа отырды
2023 жылдың  03 ақпаны мен 2024 жылдың 03 ақпаны аралығында Құрманғазы атындағы ҚҰК Ғылыми-ақпараттық кітапхана қызметі музыка бойынша ғылыми зерттеулердің ең ірі беделді және сенімді дерекқоры болып табылатын  –  EBSCO -ның  Music Index with Full Text ресурсына лицензиялық қолжетімділік туралы шартқа отырды.
3 ақпан 2023
«Щелкунчиктің сиқырлы әлемі және балет патшалығы» дәрісі
«Щелкунчиктің сиқырлы әлемі және балет патшалығы» дәрісі

Qazaq Ballet ғылыми-шығармашылық зертханасы Нұрсұлтан Назарбаев Қорымен және Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясымен бірлесіп хореографиялық өнер тарихы бойынша «Өнер тәрбиесі» атты ашық дәрістер сериясын шығарады!

3 ақпан 2023
«Нашақорлық – қоғам дерті» тақырыбында кураторлық сағат өтті
«Нашақорлық – қоғам дерті» тақырыбында кураторлық сағат өтті

2023 жылдың 1 ақпанында консерваторияның Е. Рахмадиев атындағы үлкен концерт залында кураторлық сағат аясында өнер-білім ордасының студенттерімен Алматы қалалық Жастар ресурстық орталықтарымен жұмыс бөлімінің бас маманы Құрман Дидар және АҚТҚ/ЖИТС жаңа психоактивті заттар бойынша кеңесші Мирас Мырзаханмен кездесу өтті.

1 ақпан 2023
Пан-Кавказдық Жастар оркестрі байқау жариялайды
Пан-Кавказдық Жастар оркестрі байқау жариялайды
«Цинандали классикалық музыка фестивалінің» ұйымдастырушылары (Грузия) Қазақстандағы 18-28 жас аралығындағы талантты жас музыканттар арасында Пан-Кавказық жастар оркестріне (PCYO) қатысу үшін тыңдау байқауын жариялап отыр. Тыңдау байқауы 2023 жылдың 27 ақпанында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Ф. Шопен атындағы камералық залында өтеді.
30 қаңтар 2023
Моцарт сонаталары орындалды
Моцарт сонаталары орындалды

2023 жылдың 27 қаңтарында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Ф. Шопен атындағы камералық залында Мырзағалиев Еркін (скрипка) мен Мәлікайдар Қанаттың (фортепиано) қатысуымен «Камералық музыка концерті» өтті.

30 қаңтар 2023
«Сақтық – қауіпке бөгет» атты кураторлық сағат өтті
«Сақтық – қауіпке бөгет» атты кураторлық сағат өтті
2023 жылдың 25 қаңтарында консерваторияның Е. Рахмадиев атындағы үлкен концерт залында «Сақтық – қауіпке бөгет» атты кураторлық сағат өтті. Жиында «Студенттердің жеке бас қауіпсіздігін сақтау ережелері» туралы түсініктеме жұмыстары жүргізілді.
26 қаңтар 2023
Консерваторияда «Жұлдызды көпір» атты концерт өтті
Консерваторияда «Жұлдызды көпір» атты концерт өтті

2023 жылдың 25 қаңтарында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Ахмет Жұбанов залында студенттер күніне арналған «Жұлдызды көпір» атты концерт өтті.

26 қаңтар 2023
SCOPUS, WOS (WEB OF SCIENCE) ДҚ ЖУРНАЛДАРЫНА МАҚАЛАНЫ ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ЖАРИЯЛАУ ТУРАЛЫ "МАҚАЛАҒА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР ЖӘНЕ SCOPUS-ТА ЖАРИЯЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ" " АТТЫ ТАҚЫРЫПТА ӨТЕТІН ТЕГІН ОНЛАЙН-СЕМИНАРҒА ШАҚЫРАМЫЗ.
SCOPUS, WOS (WEB OF SCIENCE) ДҚ ЖУРНАЛДАРЫНА МАҚАЛАНЫ ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ЖАРИЯЛАУ ТУРАЛЫ "МАҚАЛАҒА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР ЖӘНЕ SCOPUS-ТА ЖАРИЯЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ"  " АТТЫ ТАҚЫРЫПТА ӨТЕТІН ТЕГІН ОНЛАЙН-СЕМИНАРҒА ШАҚЫРАМЫЗ.

Сіздерді Scopus, WOS (Web of Science) ДҚ журналдарына мақаланы дайындау және жариялау туралы "Мақалаға қойылатын негізгі талаптар және Scopus-та жариялау ерекшеліктері" атты тақырыпта өтетін тегін онлайн-семинарға шақырамыз.

 

23 қаңтар 2023