Menu HELPDESK

Консерватория жаңалықтары

Консерваторияда шетелдік қонақтармен кездесу өтті
Консерваторияда шетелдік қонақтармен кездесу өтті

Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерватория Оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры Б. Әбдірахман, Ғылыми-шығармашылық және халықаралық ынтымақтастық жұмыстар жөніндегі проректор Ғ. Бегембетова, Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор М. Ешмұханов және «Аспаптық орындаушылық» факультетінің деканы А.С. Бекенова «Art Cello» халықаралық фестивалі аясында консерваторияда кешеден бері шеберлік сыныптарын өткізіп жатқан атақты виолончельшілер – Денис Северин (ШВЕЙЦАРИЯ), Атанас Крастев (БОЛГАРИЯ), Разван Сума (РУМЫНИЯ) сынды фестивальдің сыйлы қонақтарымен жүздесіп, сұхбат құрды.

15 ақпан 2023
«Ән қанатында» атты концер өтті
«Ән қанатында» атты концер өтті

2023 жылдың 14 ақпанында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А. Жұбанов атындағы концерт залында консерватория доценті, ҚР Мәдениет саласының үздігі және білім беру саласының үздігі Торғын Смайылова өзінің шәкірттерімен бірге  «Ән қанатында» атты ҚР Халық артисі, профессор Жылысбаев Бекен Бәкенұлының 100 жылдық мерейтойына арналған ән кешін өткізді.

15 ақпан 2023
Консерваторияда атақты виолончельшілер шеберлік-сыныптарын берді
Консерваторияда атақты виолончельшілер шеберлік-сыныптарын берді

Бүгін, 14 ақпан күні «ArtCello» халықаралық фестивалі аясында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында фестивальдің сыйлы қонақтары, атақты виолончельшілер – Денис Севериннің (ШВЕЙЦАРИЯ), Атанас Крастевтің (БОЛГАРИЯ), Разван Суманың (РУМЫНИЯ) шеберлік сыныптары өтті.

14 ақпан 2023
Tynda.music музыкалық жобасының ұйымдастырушылары консерваторияда
Tynda.music музыкалық жобасының ұйымдастырушылары консерваторияда

Бүгін 13 ақпан күні Tynda.music музыкалық жобасының ұйымдастырушылары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында қонақта болды. Музыкалық жоба өкілдерін консерватория қабырғасында Оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор Гүлнар Бақытқызы Әбдірахман қабылдады. Кездесуге «Аспаптық орындаушылық» факультеті мен «Музыкатану, арт-менеджмент, әлеуметтік және гуманитарлық пәндер» факультетінің студенттері мен қос факультет декандары Г.Ж. Мұсағұлова мен А.С. Бекенова келді.

13 ақпан 2023
Доцент М. Бисенғалиев сыныбы студенттерінің концерті өтті
Доцент М. Бисенғалиев сыныбы студенттерінің концерті өтті

2023 жылдың 10 ақпанында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А. Жұбанов атындағы кіші залында үрмелі және ұрмалы аспаптар кафедрасының доценті М.Қ. Бисенғалиев сыныбы студенттерінің концерті өтті.

11 ақпан 2023
Б. Жылысбаевтың 100 жылдығына арналған «Шырқа, Алматы» вокалды музыка концерті өтті.
 Б. Жылысбаевтың 100 жылдығына арналған «Шырқа, Алматы» вокалды музыка концерті өтті.

2023 жылдың 10 ақпанында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Ф. Шопен атындағы камералық залында Қазақстанның Халық артисі, профессор Бекен Жылысбаевтың 100 жылдығына арналған «Шырқа, Алматы» вокалды музыка концерті өтті.

11 ақпан 2023
Профессор Наурызбаева Альмира Бекетқызы 70 жаста
Профессор Наурызбаева Альмира Бекетқызы 70 жаста

2022 жылдың 10 ақпанында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Ф.Шопен атындағы Камералық залында әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы Наурызбаева Альмира Бекетқызының 70 жылдық мерейтойы аталып өтті.

10 ақпан 2023
Суицид тақырыбына арналған кураторлық сағат өтті
Суицид тақырыбына арналған кураторлық сағат өтті
2023 жылдың 8 ақпанында  консерваторияның Е. Рахмадиев атындағы үлкен концерт залында «Суицид ауру ма, әлде таңдау ма?» атты кураторлық сағат өтті. Бұл жолы қонақтарымыз психолог Шабденова Дария Рахымәліқызы мен  психолог-тренер Алтайбаева Жанна Жанатқызы бірлесе отырып, суицидтің негізгі себептеріне үңілді. Өзіне қол жұмсайтындар неге көп, жасөспірімдер неліктен суицидке барады, отбасыдағы тәрбие арқылы суицид проблемасын шешуге бола ма деген сұрақтарға да жауап іздеді.
9 ақпан 2023
АЛЬТ МУЗЫКАСЫНЫҢ КЕШІ
АЛЬТ МУЗЫКАСЫНЫҢ КЕШІ

2023 жылғы ақпанның 6 күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Кіші залында дәстүрлі түрде Қазақстандағы альт мектебінің негізін қалаушы профессор, «Құрмет» орденінің иегері Яков Иосифович Фудиманның туған күніне орайластырылған, Қымбатты Ұстазға арналған жыл сайынғы «Альтшы күні» атты кезекті концерт болып өтті. Бұл концерттің идеялық бастамашысы, ұйымдастырушысы және жүргізушісі «Ішекті аспаптар» кафедрасының доценті Н.Е. Сағымбаев болды.

7 ақпан 2023