Консерватория жаңалықтары



«Арт-менеджмент» мамандығының 2-курс студенті Кимран Раушан Ресейдің «Новая наука» халықаралық ғылыми серіктестік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Жоғары мектептің ғылыми жетістіктері 2023» ғылыми-зерттеу байқауында «Өнертану» номинациясы бойынша I дәрежелі дипломға ие болды.


2023 жылдың 16 ақпанында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында ӘГП кафедрасы, «Қазақ және шетел тілдері» секциясының ұйымдастыруымен, халық жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына арналған «Сөз өнерінің хас шебері» атты дөңгелек үстел өтті.


«Арт-менеджмент» кафедрасының 2-курс студенті Әубәкірова Анель Ресейдің «Новая наука» халықаралық ғылыми серіктестік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Қоғам және мемлекет қызметіндегі жас зерттеушілер» халықаралық ғылыми-зерттеу байқауында «Өнертану» номинациясы бойынша I дәрежелі дипломға ие болды. Алғыс хатпен ғылыми жетекшісі – «Арт-менеджмент» кафедрасының оқытушысы, PhD докторы, А. Оспанова марапатталды. Әубәкірова Анельді және ғылыми жетекшісін жеңіспен құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!

15 ақпан күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А. Жұбанов атындағы концерт залында «Халық әні» кафедрасының ұстаздары, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Қосанова мен халықаралық байқаулардың лауреаты Венера Қаржаубаеваның «Шырқатып әнге салайық» атты класс-концерті өтті.