Консерватория жаңалықтары

2023 жылдың 24 сәуірінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Е.Рахмадиев атындағы концерттік залында Халықаралық конкурстардың лауреаттары Аяжан Оспанбаева мен Камила Байқожаның «Гобой және орган музыкасының концерті» өтті.


2023 жылдың 21 сәуірінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А. Жұбанов атындағы концерттік залында Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Әшімхан Нұрғалидың «Күйдің тілі - халықтың ділі» атты концерті өтті.

2023 жылдың 21 сәуірінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Е. Рахмадиев атындағы үлкен концерт залында ҚазССР халық артисі, профессор Жылысбаев Бекен Бекенұлының 100 жылдығына арналған «Вокалдық өнер» кафедрасының концерті өтті.

2023 жылдың 20 сәуір күнінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Музыкалық білім және менеджмент факультеті, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы студенттер арасында «Жаңғыру жолындағы жас ғалым» атты ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.

XV Республикалық олимпиада «Вокалдық өнер» мамандығы «Опералық ән» номинациясы бойынша 38 студент "Концерттік-камералық ән" номинациясы бойынша 11 студент қатысты.
2023 жылдың 20 сәуірінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А. Жұбанов атындағы концерттік залында «Халық музыкасы» факультеті «Домбыра» кафедрасының доценті Зәмзәгүл Шәріпқызы Ізмұратованың сыныптық концерті өтті.

2023 жылдың 20 сәуірінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Е. Рахмадиев атындағы концерттік залында Мұқан Төлебаевтың 110 жылдығына арналған «Есімің ел есінде - дара тұлға» атты концерт өтті.

2023 жылдың 19 сәуірінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Ф. Шопен атындағы камералық залында Республикалық конкурстардың лауреаты, «Домбыра» мамандығының 4-курс студенті Саматова Айымгүлдің «Дәстүр-даму» атты концерті өтті.