Menu HELPDESK

Консерватория жаңалықтары

Консерватория жалпыұлттық диктантқа атсалысты
Консерватория жалпыұлттық диктантқа атсалысты
Бүгін консерватория қызметкерлері, оқытушылары мен студенттері Қазақстан Республикасы бойынша өткен жалпыұлттық диктантқа қатысып, маңызды шараға атсалысты. «ЕРКІН ЕЛ ҰРПАҒЫ» тақырыбында өткен шара азаматтарымызды отанын сүюге, ел болашағы үшін риясыз қызмет етуге үндейді. Сондай-ақ, мемлекеттік тілдің қолдану аясының кеңеюіне, сауаттылық деңгейінің көтерілуне ықпал етеді. Осындай іс-шаралардың өтуі жастардың отаншылдық рухта тәрбиеленуіне де септігін тигізері анық.
Еліміз қарыштап дамып, бәсекеге қабілетті, жан-жақты әлеуеті жоғары мемлекетке айналсын!
4 мамыр 2023
Консерватория оқытушылары кәсіптік бағдар беру шараларын өткізді
Консерватория оқытушылары кәсіптік бағдар беру шараларын өткізді

2023 жылы сәуір айының 22-30 аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушылары «Вокалдық өнер» кафедрасының доценті, Ермек Серкебаев атындағы Халықаралық вокалистер конкурсының лауреаты С.А. Нұрғалиева, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, PhD докторы, «Фортепиано» кафедрасының доценті А.А. Тлеубергенов және «Үрмелі және ұрмалы аспаптар» кафедрасының оқытушысы А.Е. Пархоменко Ақтөбе қаласындағы А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжіне, Атырау қаласындағы «Дина Нұрпейісова атындағы Халық музыкасы академиясы» музыкалық колледжі сондай-ақ, Ақтау қаласындағы Маңғыстау өнер колледждеріне арнайы барып, аталмыш оқу орындарында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізіп қайтты.

4 мамыр 2023
Профессор Баспаев Жамбыл Күзембайұлының 85 жылдығына орай концерт өтті
Профессор  Баспаев  Жамбыл Күзембайұлының 85 жылдығына орай концерт өтті

2023 жылдың 2 мамырында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А.Жұбанов атындағы концерт залында Қазақстан Республикасының Халық артисі, профессор Баспаев Жамбыл Күзембайұлының 85 жылдығына орай концерт өтті.

3 мамыр 2023
«Vox organi» орган музыкасының концерті өтті
«Vox organi» орган музыкасының концерті өтті

2023 жылдың 2 мамырында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Е.Рахмадиев атындағы үлкен концерт залында «Vox organi» орган музыкасының концерті өтті.

3 мамыр 2023
Консерваторияда бос жұмыс орны жәрмеңкесі өтті
Консерваторияда бос жұмыс орны жәрмеңкесі өтті
2023 жылдың 3 мамырында консерваторияда жұмыс берушілерге арналған «Бос жұмыс орны жәрмеңкесі» іс-шарасы ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – 2022-2023 оқу жылындағы бітірушілерге мамандықтары бойынша еліміздің өңірлеріндегі алдыңғы қатарлы мәдениет ұжымдарында жас маман атануына мүмкіндік туғызу. 
3 мамыр 2023
Консерватория студенттері тарихи орындарға саяхат жасап қайтты
Консерватория студенттері тарихи орындарға саяхат жасап қайтты
2023 жылдың 29 сәуірінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 95 студенті ректор Жүдебаев Арман Әділханұлының бастамасымен еліміздің оңтүстігіндегі тарихи, қасиетті орындарға арнайы туристік саяхатқа аттанды.
2 мамыр 2023
Профессор А.А.Абатова мен оқытушы А.М.Гадееваның сыныптық концерті өтті
Профессор А.А.Абатова мен оқытушы А.М.Гадееваның сыныптық концерті өтті

2023 жылдың 27 сәуірінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А.Жұбанов атындағы концерт залында профессор А.А.Абатова мен оқытушы А.М.Гадееваның сыныптық концерті өтті.

1 мамыр 2023
Консерваторияда "Музыка - адамзаттың әмбебап тілі" атты пәндік олимпиада өткізілді
Консерваторияда "Музыка - адамзаттың әмбебап тілі" атты пәндік олимпиада өткізілді
2023 жылдың 28 сәуірінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы  ӘГП кафедрасы "Қазақ және шет тілдері" секциясының оқытушыларының ұйымдастыруымен   "Музыка - адамзаттың әмбебап тілі" атты тілдік пәндерден ЖОО аралық пәндік Олимпиада өткізілді. 
1 мамыр 2023
Консерваторияда атақты үш күйшінің атындағы сыныптар ашылды
Консерваторияда атақты үш күйшінің атындағы сыныптар ашылды
Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Халық музыкасы факультетінің «Домбыра»  кафедрасы Қазақстанның Халық артисі, Домбыра кафедрасының алғашқы ұстазы Қали Жантілеуов, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, домбыра мамандығы бойынша тұңғыш профессор Хабидолла Тастанов және Қазақстанның Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, профессор Қаршыға Ахмедияров атындағы кластардың ашылу салтанатын өткізді. 
28 сәуір 2023